+7 (727) 267-28-83

Макей

26 мамыр, сағ. 11.00-де  Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және «Мәкей Еркінбеков 1920-1940 жылдардағы ағарту ісінің ұйымдастырушысы» атты онлайн Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Мәкей Еркінбековтің 125 жылдық мерейтойына орай режиссер Мұхтар Умаровтың «Мәкей төренің құпиясы» деректі фильмі мен жазушы Ілескен Әлбатырұлының «Мәңгілік елдің Мәкейі» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабділхалықұлы ашып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер-документалист, фильмнің продюсері Қалила Омаров жүргізді.       

Шара барысында жас режиссер Мұхтар Умаровтың «Мәкей төренің құпиясы» деректі фильмі көрсетілді және жазушы Ілескен Әлбатырұлының «Мәңгілік елдің Мәкейі» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Мәкей Еркінбековтің өмірі мен қызметіне, шығармашылығына арналған «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Қарасу балалар үйінің директоры Мәкей Еркінбеков», «Ұлағатты ұстаз Мәкей Еркінбеков есімі ел есінде», «Ұлағатты ұстаз Мәкей Еркінбеков ұрпақтары» атты және талантты режиссер Мұхтар Умаровқа арналған «Мұхтар Умаровтың режиссерлік жолы» атты фотокөрмелер ұсынылды.

Баяндамашылар: Ақсу ауданының айтыскер ақыны, мәкейтанушы Атамбаев Бекболат Қапашұлы, филология ғылымдарының докторы, «Ілиястану» ғылыми практикалық орталығының меңгерушісі Иманғазинов Мұратбек Мүбаракханұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сламбеков Зарықбек Ешімбекұлы, жазушы, журналист, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. Әлбатырұлы Ілескен, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, документалист Омаров Қалила Нематұлы және т.б. пікір алмасты.

ZOOM конференцияға қатысушылар:  Иманғазинов М.М, Атамбаев Б.Қ., Сламбеков З.Е., Қожағұлов С.Қ., Исағұлова Г.Т., Ғұмар Т., Толымбеков Ж., Әлібек Б., Тұрсын Г.М., Қасымбекова Л.Қ., Серпербаев С., Қайрамбаев Ж., Аманбаев Б., Хапезұлы Ғ., Кемелханов А., Бексұлтанов А.Ә., Базаралин А.Б, Байгазина Г.Б., Оразбаев Қ.Қ., Умаров М.Қ., Әлбатырұлы І., Қыдыкенова Б.Б., Еркінбекова Б.К., Ақылбеков А., Бексұлтанов А., Шалғынбаева А. және т.б.

Мәкей2   Мәкей3
Мәкей1   Мәкей4

 

Сайтта

Қазір сайтта 325 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.