+7 (727) 267-28-83

30 жыл Тәуелсіздік

Өнер бөлімінің оқу залында 21-мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Қазақстанның мәдениеті мен өнері» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

21 мамырда Қазақстанның мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мереке 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес бекітілді.

Мәдениет пен өнер мерекесінің белгіленуі осы сала өкілдерінің мәдени-тарихи құндылықтарды, патриотизмді, азаматтардың жалпы мәдени дамуын, қалыптасуы мен сақталуындағы маңызды рөлін атап көрсетуге бағытталды.                                           

Көрмеде Қазақстан халқының ел тәуелсіздігі кезеңіндегі мәдениет пен өнер саласында жеткен жарқын жетістіктерін бейнелейтін материалдар ұсынылған.            

Сонымен қатар, «Лидер Нации и культура: сборник материалов и документов», «Новая жизнь древних традиций», «Казахский народный эпос. История и традиции казахского народа», С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары» кітабы, Лоуренс Лессингтің «Еркін мәдениет», «Историко-культурное наследие и современная культура», «Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана». Халықтық қолөнер, ұлттық киімдер туралы мәліметтер:, «Искусство Казахстана», С.Шкляев пен Қ.Мұратаевтың «История искусство Казахстана» кітабы, Қапалбекұлы Нағашбек «Өнер биігінде», «100 шедевров искусства Казахстана. Живопись. Скульптура. Графика», Ш.Ж.Тоқтабаев, «Шедевры Великой степи», «Декоративное искусство Казахстана», «Изобразительное искусство Казахстана. ХХ век», сонымен қатар «Традиционная одежда казахов: научный каталог», этнографиялық жинақтар топтамасы, В.З. Галиева «Қазақстан XIX ғасыр суретшілерінің шығармаларында», Ә.Х.Марғұланның, Т.К.Бейсеновтың, М.М.Меңдіғұловтың «Қазақстан архитектурасы» 10-томдық монографиясы, «Археология Казахстана» кітаптары ұсынылды.

Көрмеде сондай-ақ, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңіндегі музыкалық өнер бойынша әдебиеттер: «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері», «Қазақ музыкасы» 8-томдығы, «Идея «Мәңгілік ел» в казахской музыке», Ә. Нұғманның «Қазақтың әншілік дәстүрі» кітаптары қойылған. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев сияқты белгілі композиторлардың, атақты орындаушылар: Р.Бағланова, К.Байсейітова, Е.Серкебаев, Б.Төлегеновалардың және т. б. өмірі мен шығармашылықтарына арналған кітаптар ұсынылды.

Бірқатар кітаптар қазіргі заманғы Қазақстан театр өнерінің қайраткерлері –Ә.Мәмбетов, Ж.Хаджиев, Б.Атабаев, Е.Обаев сияқты режиссерлер және Халық әртістері Х.Бөкеева, А.Әшімов, Ә.Өмірзақова, Т.Жаманқұлов, Ф.Шәріпова және т.б. шығармашылық қызметтері туралы баяндайды.                               

Кітап көрмесіне шақырамыз !

Сайтта

Қазір сайтта 673 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.