+7 (727) 267-28-83

М.Б5 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С.Т. Жақсылықова Алматы қ. «№ 203 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жазушы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі бойынша «Отанды күзету» онлайн-квиз жұмысына қатысты.

Алматы қ. «№ 203 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің онлайн-режимінде ұйымдастырылған «Отанды күзету» онлайн-квизінде оқушыларға жазушы Қ. Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі таныстырылды. Квиз - бір немесе бірнеше қатысушы өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беретін сайыс дегенді білдіреді.

«Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С.Т. Жақсылықова жазушы Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» атты танымал повесі бойынша кітап шолуын өткізді. Жазушының өмірбаянымен әдеби қызметіне кеңінен тоқталып, оқушыларға жүргізілген шолу бойынша сұрақтар қойылды.

Сұрақ-жауап слайд көрсетілімімен сүйемелденіп, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы Қ.Қайсеновтың өмірбаяны мен шығармаларынан иллюстрациялар ұсынылды.

Онлайн-шараға Алматы қаласының «№ 203 жалпы білім беретін мектеп»  КММ  6-8 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

МБ   МБ2   МБ1

 

Сайтта

Қазір сайтта 286 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.