+7 (727) 267-28-83

депутаты

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері - белгілі журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы және «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы іс-сапармен келді.

Сапар барысында Ұлттық кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кітапхана тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігі жайында баяндап, кітапхана қызметі мен оқу залдарымен, сондай-ақ былтырғы жылы республика және халықаралық деңгейде кеңінен аталып өткен ұлы тұлғалар Абай мен әл-Фарабидің мерейтойлары аясында Қазақстан кітаптары оқу залында ашылған Абай әдеби орталығы мен әл-Фараби ғылыми орталығының жұмысымен таныстырды. Қонақтар Әлем әдебиеті оқу залында орналасқан шет елдердің кітап орталықтарының да жұмысымен танысты.

Депутаттар, әсіресе сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры мен құжаттарды сақтау мәселелеріне баса назар аударды. Сирек қорда сақталған көне жәдігерлермен, бірегей қолжазбалар, соның ішінде XII, XVIII, XIX ғасыр Құрандарымен, басқа да шығыс қолжазбалары топтамасымен танысты.

Сондай-ақ, Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінде қонақтарға 2001 жылдан бері жұмыс істейтін Құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасы, қалпына келтіру-түптеу секторы, сондай-ақ Жазба ескерткіштерді консервациялау және қалпына келтіру мектебінің жұмысы таныстырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы 2008 жылдан бері ИФЛА/Пак құжаттарды сақтау және консервациялау жөніндегі Орталық Азия бойынша аймақтық орталығы болып табылатыны атап өтілді. Кітапханалық құжаттарды сақтау режимінің мониторингі, құжаттарды биологиялық және физикалық-химиялық тұрақтандыру, қалпына келтіру-түптеу және фазалық консервация үдерістері көрсетілді.

Сондай-ақ, Ұлттық кітапхана 1999 жылдан бері құжаттарды сақтау мәселелерімен айналысатыны атап өтілді. 2003 жылдан бастап, еліміздің және кейіннен Орталық Азия аймағының кітапханашылары үшін біліми қызметі басталды. Бүгінгі күні жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша республика мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруды Ұлттық кітапхана жанындағы Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебі жүзеге асырады.

депутаты2   депутаты5   депутаты10
депутаты3   депутаты4   депутаты6
депутаты11   депутаты8
депутаты1   депутаты7

 

Сайтта

Қазір сайтта 355 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.