+7 (727) 267-28-83

тагылым

30 қарашадан 11 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Алматы облысының қалалық және аудандық архивінің мамандары – Ш.М.Нұрмұхамедова, З.М.Такишева және М.Б.Кабденовтар тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өтушілер құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасында оқыды: оларға кітапхана қорларын консервациялау бойынша теориялық білім берілді және құжаттарды сақтау саласындағы жаңа технологиялар бойынша тәжірибелік әдістер көрсетілді: рН қалам-тестері, Буккиппер Спрейі. Биологиялық тұрақтандыру бойынша мыналар көрсетілді: камерада зарарсыздандыру, парақтарды тазалау, биоцидпен өңдеу; физикалық-химиялық тұрақтандыру бойынша: қышқылдықты бейтараптандыру, Бэрроу ерітіндісімен өңдеу және т.б.; механикалық тұрақтандыру бойынша: қышқылсыз картоннан микроклиматтық контейнерлер жасау. Содан кейін тыңдаушылар қалпына келтіру және түптеу секторында жалғастырды, онда олар кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша тәжірибелік дағдыларды алды: Желім дайындау, газеттер мен кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру, жаңа түптеуді дайындау. Тәжірибелік жұмыстар барысында мамандар реставрациялық материалдармен және құралдармен таныстырылды.

Курс соңында Ұлттық кітапхана директоры Б.К. Оспанова  тағылымдамадан өтушілерге сертификаттар табыстады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2008 жылдан бастап Орталық Азиядағы құжаттарды сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы болып табылады. Аймақтық орталықтың жұмыс жоспарында 2021 жылы Өзбекстан мен Түркиядан келген танымал қалпына келтірушілердің   кітаптарын консервациялау және қалпына келтіру бойынша шебер-класстар өткізу көзделген.

тагылым1   тагылым2   тагылым3