+7 (727) 267-28-83

17 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебі аясында ҚР Ұлттық кітапханасы және С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерімен  бірлесе отырып ұйымдастырылған «Ұлттық ресурстарды Әмбебап ондық жіктеу бойынша индекстеу және жүйелеу» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

 

Тәжірибелік онлайн-конференция жұмысы барысында Ақпараттық ресурстар қызметінің топ жетекшісі  К.Д. Авелбекова «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапханалық жіктеу жүйесі. ӘОЖ бойынша индекстеудің негізгі ережелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, құжаттарды  халықаралық Әмбебап ондық жіктеу жүйесі бойынша орналастыру,   мақалалардың библиографиялық сипаттамасы және құжаттарды өңдеуге қатысты басқа да сауалдар қарастырылды.

Онлайн-конференцияға С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхнанасы, Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және аудандық кітапханалардың қызметкерлері қатысты.

Павлодар облысының кітапхана мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебінде оқу-тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттыруға ұсыныс білдірді.

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 558 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.