+7 (727) 267-28-83

sbornik dokumentov

26 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-нің Халида Мамановаға арнап шығарған «Сборник документов и материалов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Жұматаева Баян Амантайқызын құттықтап, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін табыс етті. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Халида Маманованың өміріне және естеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, «Халида Маманова» (Сборник документов и материалов) кітабының құрастырушы Владимир Печерских Ұлы Отан соғысының ардагері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Маманова туралы тың ақпараттармен бөлісті.

Кітаптың лентасын ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Жұматаева Баян Амантайқызы және кітаптың құрастырушысы Владимир Печерских кесті.

Іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының және ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметкерлері қатысты.

Сайтта

Қазір сайтта 149 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.