+7 (727) 267-28-83

10

2020 жылғы 4 наурыз, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасы  ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Алматыдағы балаларды дамыту «Almaty tutoring» орталығының «Прекрасный Мир глазами детей» атты балалар көрмесіне Г.К.Бельгердің мемориалдық кеңсесінің материалдарынан көшпелі экспозициясы ұйымдастырды.

 

Танымал қазақстандық жазушы Г.К.Белгердің достықты, Қазақстанды мекендейтін түрлі этностар арасындағы бейбітшілікті және мәдениеттерді  өзара байытудың бейнесін көрсететін шығармашылығына арналған конкурс-иллюстрациялар Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай өтті.

Байқаудың мақсаты – Г.К.Бельгердің  «Волк, Чапа и другие» туындыларына авторлық иллюстрациялар жинау. Байқауға Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің студенттері қатысты. Жазушының «Волк, Чапа и другие»  жинағына енген әңгімелерінің кез-келген эпизодын бейнелейтін иллюстрациялар қабылданды.  Жеңімпаздардың жұмысы үш тілде қайта басылып шығатын  Г.К Бельгердің «Волк, Чапа и другие» әңгімелер жинағына енетін болады.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жарқналова өз сөзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы мемориалдық кабинеттің қызметі туралы айтты.

Мұражайдың үшінші қабатында жеңімпаздар мен конкурстың барлық қатысушыларының суреттері көрсетілді. Сондай-ақ көрмеге Герольд Бельгердің мемориалдық кабинетінен: портреттер, фотосуреттер, үстел шахматы, киімдері, кітаптары және басқа да экспонаттары  қойылды.

Іс-шара қонақтары: жазушының жұбайы Р.З.Хисматуллина, Алматы және Тараз қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, байқауға қатысқан балалардың ата-аналары, Г.Бельгердің шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандар.

Іс-шара кішкентай балалар мен «Almaty tutoring», «Новая школа» балаларды дамыту орталығы оқушылардың орындауындағы музыкалық композициямен сүйемелденді. Оның соңында барлық сайыскерлерге сертификаттар табысталды.

6   12
7   9

 

Сайтта

Қазір сайтта 398 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.