+7 (727) 267-28-83

 Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында «Мәдениетті біріктіретін - Кітап» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

imagesЮНЕСКО Бас конференциясының 36-сессиясында Қазақстан 26 шетелдік мемлекеттің қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын» жариялау туралы ұсыныс жасады. 2013 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 2013-2022 жылдарға арналған Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығын жариялады, ол әлем халықтарының мәдениетаралық және конфессияаралық ынтымақтасудың өзара жақындасуының, маңыздылығы мен болашағын айқындады. Бұл Онжылдық бағдарламасына бүкіл әлемдегі мәдени іс-шаралар енгізілді, оның негізгі мақсаты – бейбітшілікті нығайту және жалпы адами құндылықтарды сақтау. Мәдениеттер арасындағы диалог – бұл әлемде ынтымақтастық,  бейбітшілік орнатудың ең  жақсы жолы.

Қазақстан бұл жобада ең  маңызды рөл атқарады. Біздің еліміз мәдениаралық және дінаралық диалог бойынша маңызды іс-шараларды ұйымдастыратын Атқарушы кеңестің бастамашысы және белсенді мүшесі болып табылады. «Саясаткерлер мәдениетті жақындастыру – бұл ұзақ, бірақ халықтардың жақындасуының, бейбітшілікті нығайтудың және жер бетіндегі өмірді сақтаудың жалғыз жолы екенін түсінеді», – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов.        

Қазақстан – көпмәдениетті, көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Біздің  ғаламшарымыздағы әлемге ортақ бейбітшілік туралы жалпы қамқорлық,  білім берудің жоғары стандарттарына, ғылыми жетістіктерге және тұрақты дамуға ұмтылуды біріктіреді. Әрбір өркениетті халықтың рухани негізі – бейбітшілікке деген ұмтылысты білдіреді. Қазақстан Республикасы үшін аймағында 130-дан астам этникалық топ өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан,  ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық, өркениетаралық және дінаралық диалогын нығайтуға бағытталған қызметі тығыз және жақын байланыста.

«Мәдениетті біріктіретін - Кітап» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан БҰҰ, ЮНЕСКО құжаттары,  жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудағы адамзаттың  заманауи  даму зерттеулері, әлем халықтарының мәдениеті туралы әдебиеттер, Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа ұйымдармен ынтымақтастығы туралы құжаттар ұсынылған.

Сайтта

Қазір сайтта 384 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.