+7 (727) 267-28-83

DSC 0158

2020 жылғы 24 қаңтар, сағат Әлем әдебиеті залында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы  Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы кітаптарды сыйға тарту дәстүрлі рәсімін өткізді.

 

Ресей кітап бұрышына дәстүрлі жаңа кітап топтамаларды табыстау рәсімі жыл сайын 25 қаңтар Ресейде студенттер күні ретінде атап өтілетін қасиетті Татьяна күні қарсаңында өтеді. Сыйға тарту іс-шарасына Алматы қаласындағы РФ Елшілігі Бас консулының кеңесшісі С.А. Соколов, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары және  РФ Елшілігінің консулы И.В. Переверзева қатысты.

Іс-шараның модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова болды. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К.Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты рәсімде көпжылдық жемісті еңбегі мен ынтымақтастығы үшін РФ Консулы және Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары  И. В. Переверзева «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ұлттық кітапханаға Ресейдің тарихы мен мәдениеті, көркем әдебиеттер, білімнің  әр түрлі салалары бойынша ғылыми әдебиеттер, орыс тілі, филология, әдебиеттанудан 157 кітап сыйға тартылды. Олардың арасында: "Москва праздничная" - XX ғасырдың бас кезіндегі қала өмірінің очерктері туралы; "Барышни и дамы" - XX ғасырдың басы және екінші жартысындағы мәскеуліктердің күнделікті өмірі жайлы, Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы тақырыбы бойынша кітаптардың жаңа сериялары бар.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасына Консул И. В. Переверзеваның жеке кітапханасынан 189 кітап сыйға берілді. Олардың арасында жазушылардың жеке қолтаңбалары және И.В.Переверзеваның өзі сыйға тартқан басылымдар бар. Өз сөзінде консул – кеңесші С.А.Соколов, Алматы қаласындағы РФ Бас консулы Е.П. Бобровтың атынан Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанованы, директордың орынбасары А.Х. Юсупованы, қызмет жетекшілері С.Т. Тұяқованы, Т.А. Замзаеваны алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты рәсімге Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақ университетінің студенттері (Алматы филиалы), Алматы қаласындағы орыс қауымының, басқа ұйымдардың өкілдері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қонақтар жаңа әдебиеттермен танысып, Ресей кітап бұрышының жұмысы туралы слайд көрсетілімін тамашалады.

DSC 0111 1   DSC 0124
DSC 0159   DSC 0144

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 359 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.