2019 жылғы 31 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасымен жасалған Ынтымақтастық меморандумы негізінде Якутск қаласынан келген бір топ ғалымдардың қатысуымен Саха тілінің 15 томдық сөздігі мен «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігінің» тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Ұлттық кітапхананың тарихын, жүргізіліп жатқан жұмыстарын, басқа елдермен қарым-қатынастары мен жобалар туралы баяндап, қонақтарға кітаптар сыйға берді.
Іс-шараның модераторы - А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Қажыбек Ерден Задаұлы.
Саха тілінің 15 томдық сөздігі мен «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігінің» салтанатты лента кесу рәсіміне ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, доктор, профессор, Саха Республикасының академигі Слепцов Петр Алексеевич, аталмыш кітаптың жауапты басшысы, филология ғылымының кандидаты Монастырев Владимир Дмитриевич, филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымы Жүнісбек Әлімхан қатысты.
Іс-шарада В. Д. Монастырев Саха Республикасының барлық делегациясын 13 адам құрамында таныстырды және 15 томдық «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігін» және Ұлттық кітапхана қорына кітаптар тапсырды. ҚР Ұлттық кітапханасы сыйға берілген кітаптарды цифрлау және электронды кітапханаға орналастыру Авторлық келісім құқығын беру туралы шарт жасасты. Қонақтардың «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігін» жасау және жариялау барысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Қонақтар үшін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттеріні Кастер Қабдыл, Қостыбай Қажыбай.орындауында қазақ халық әндері шырқалды.
Шара соңында ҚР Ұлттық кітапханасы бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова "Саха" Ұлттық хабар тарату компаниясының редакторы Избекова Евдокия Игнатьевнаға сұхбат берді. Алдағы уақытта ҚР Ұлттық кітапханасына арналған "Саха" Ұлттық хабар тарату компаниясының арнайы бағдарламасын шығару жоспарлануда.
Іс-шараға лингвист ғалымдар, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері, кітапханашылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т. б. қатысты