Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Алматы қаласындағы Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі, Әулие Климент Охридский Ұлттық және университет кітапханасынан берілген басылымдардың кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Солтүстік Македония - Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Халық саны 2 073 702 млн. адамды құрайды.
Астанасы - Скопье. Мемлекеттік тілі - македон. Македония географиялық аймағы үш елдің аумағында орналасқан, оның оңтүстік және үлкен бөлігі - Эгей Македония, Грецияның құрамына кіреді; шығыс жерлері - Пирин Македония Болгария құрамына, ал Солтүстік Македония Вардара өзенінің алқабында орналасқан. Македония астанасы Скопье – біртұтас көрікті. Мұнда антикалық және орта ғасырлардағы бірегей сәулет ескерткіштері орналасқан. 1466 жылы салынған атақты түрік моншалары, XVII ғасырдың шағын православие шіркеуі, 1492 жылы салынған Мұстафа-паша және Сұлтан-Мұрат мұсылман мешіттері ерекше қызығушылық тудырады.
Солтүстік Македония Елшілігінен кітапханаға орыс, ағылшын және македон тілдерінде 35 дана баспа басылымдары сыйға берілді.
Онда әртүрлі жанрдағы әдеби шығармалар кеңінен ұсынылған: "Қазіргі Македония поэзиясының антологиясы", "Македония әңгімесінің антологиясы", "Македония романының антологиясы", "Қазіргі Македония драмасының антологиясы", "Македония эссесінің антологиясы", "Балаларға арналған Македония әдебиетінің антологиясы" және сонымен қатар, Македония қалалары бойынша жолнұсқалар мен өлкетану, сәулет және экономика бойынша кітаптар ұсынылды.
Көрмеге шақырамыз!