Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы тағы бір жауһар туынды отандық оқырмандарға жол тартты.
Ол – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар Комитетінің шешімімен «Әлемдік мұра» реестріне 2003 жылы енген қолжазбалар қатарына саналатын Сүлейман Бақырғанидің «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» атты мұрасы.
Бүгін Қазақ энциклопедиясы баспасының бас редакторының орынбасары Мауытов Нұрымжан Керейұлы Ұлттық кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесіп, Сүлейман Бақырғани еңбектерінің жинағы «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» кітабын тапсырды.
Бас редакторы: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Б.Қ.
Транскрипция жасаған: Мұхамедрахым Жармұхамедов, Мақсұт Шафағи.
Аталмыш кітапты «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығарған, директоры Тойбаева Жадыра Нұрбайқызы.