2019 жылғы 3 – 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында белгілі төкпе ақын Шынияз Шанайұлының 200 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылды.
Шынияз Шанайұлы 1819 жылы дүниеге келген. Махамбет, Абыл ақындардың замандасы, Еділ – Жайық, Нарын құмына белгілі, айтулы төкпе ақындардың бірі. Өзінің толғауларында Ресей патшалығының отаршылдық саясатын әшкерелеп, езгіге ұшыраған елінің ой-арманы мен мақсат-мүддесін жырлаған.
Ақынның біршама өлеңдері 1966 жылы Ә.Ғабдуллиннің құрастыруымен «Шынияз» атты кітапқа енген. 1991 жылы «Алқаласа әлеумет» атты жинағы жарыққа шығып, ақын шығармашылығы кеңінен дәріптеле бастады.
Кітап көрмесін Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері мен Ұлттық кітапхана оқырмандары тамашалады.