KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
барлығы:  15808627
2019 жылы:  1270409
бүгiн:  691
қазiр:  89
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.01.2019

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақ хандығы мен халықтың бірлігін нығайтуда ерекше рөл атқарған рухани көшбасшы жырауларға арналған «XV-XIX ғғ. қазақ жыраулары» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Жырау - қазақ поэзиясындағы ақынның анағұрлым көне  түрі, бәрінен  бұрын жасампаз. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген 
олардың көпшілігі ақындар, батырлар, тайпа басшылары болды.
   Жырау жанры - толғау, поэма. Толғаудың көрінісі – қара сөздер, афоризмдер. Қазақ хандығында жыраудың, суырып салма ақынның, хандық идеологиясының, ханның кеңесшісінің айтарлықтай рөлі болды. Жырау мемлекетке қызмет етуді парыз санады. Олар қазақ хандығы мен халықтың бірлігін нығайтуда ерекше рөл атқарған.
   Жыраулар поэзиясы өкілдерінің арасында Асан қайғыны, Шалкиіз Тіленшіұлын, Доспамбетті, Жиембетті, Марғасқаны, Ақтамбердіні, Тәтіқараны, Үмбетейді, Бұқар жырау Қалқаманұлын, Қазтуғанды, Шал ақынды, Сыпыра жырауды, Қаблисаны және басқаларды атауға болады. Олар өз шығармаларында Қазақ хандығының қалыптасуы мен қазақ халқының тарихи оқиғаларын бейнелейді.
   Жыраулардың өлең-жырлары көздің қарашығындай сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілді. Ол жырларда еркіндіктің, ынтымақтың, тәуелсіз мемлекет құруға деген ниеттің идеялары жатты. Жыраулар өз шығармаларында анағұрлым күрделі тіршілік мәселелерін көтеріп, жарқын болашаққа қарай жол нұсқады. Қазақ  қоғамында жыраулардың, жыршылардың, әншілердің маңызы өте зор болды. Ақпараттар таратуда ауызша шығармалар ерекше  рөл атқарды, өскелең ұрпақты отансүйгіштік, батырлық, табандылық рухында тәрбиеледі.
   XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығының нығаю кезеңінде ұлы ақындар мен жыраулар көрнекті рөл атқарды. Қазақ хандығының тарихында оның басты идеологы Асанқайғының (Асан Сәбитұлы) ерекше рөлі бар. Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Даланың ұлы философы» деп атаған. Әбілқайыр ұлысындағы 1450-ші  жылдардағы саяси күрестер кезінде ақын оппозиция, яғни Керей мен Жәнібек сұлтандар жағында болды.
   1465 жылы сұлтандар Шу өзені аңғарында Қазақ Ордасының негізін қалайды, жаңа хандықтың басты жаршысы да - осы Асан Қайғы.
   Жырау поэзиясы көшпелі қазақтардың ауызша өнерінің шыңырау шыңына шықты және күні бүгінге дейін орта ғасырдағы қазақ әдебиетінің жоғары даму деңгейі туралы ғана емес, сонымен қатар халқымыздың өткен замандардағы бай рухани әлемі туралы да куәлік ете отырып өзінің жетілгенімен таң қалдыруда.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының  кітап қорынан қазақ жырауларының, суырып салма ақындарының өмірі туралы материалдар ұсынылды.
   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование