KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14660036
2019 жылы:  121818
бүгiн:  5510
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.01.2019

   «Өнер» бөлімінің оқу залында музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Александр Затаевичтың 150 жылдығына арналған «Халық мұрасын зерттеуші» атты тұрақты кітап көрме¬сі ұйымдастырылды.
   Александр Викторович 1869 жылы Ресей қаласының Орлов облысында дүниеге келген. Алғашқы музыкалық білімін Орел қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» атты газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. 1920 жылы алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен, Орынборда жүрген кезінен таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап өзінің болашақ қызметін аспаптық мұралардың тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді.

   1920 жылғы қиын-қыстау кезеңде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. Халықтың кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет және т.б. шығармаларын алғаш рет жарыққа шығарды. Ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі», «Песни разных народов», жарияланбаған «Қазақ музыкасының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән-күйлерінің үлгілері айрықша орын алған. Еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады. Жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С. С. Прокофьев, Н.Я. Мясковский, М. М. Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды. 1925-1927 жылдары фортепиянолық пьесалар циклін жазды. Соның нәтижесінде «Халық тақырыбына жазылған миниатюралары», «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалары» жарық көрді. 1954 жылы Мәскеудегі қабірінде музыкант-этнографтың бейнесі, домбыраның суреті бар ескерткіш орнатылған.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Александр Затаевичтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование