KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12 3 4567
8 910 11 12 1314
15 16 17 18192021
22232425262728
293031
барлығы:  13590424
2018 жылы:  2653458
бүгiн:  6728
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.10.2018

   2018 жылғы 11 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда «ВЕСЬ МИР» газетінің бас редакторы Юрий Кириницияновпен кездесу өтті. Бұл барлық әлемде болып жатқан оқиғалар жарияланатын елдегі жалғыз басылым.

   «ВЕСЬ МИР» - бұл халықаралық газет, оның мақалаларына студенттер мен зейнеткерлерден бастап, бизнесмендер мен министрлерге дейінгі бүкіл қоғам қызығушылық танытуда. Газетте «Саясат», «Экономика», «Естелік», «Сау болайық», «Менің жерім», «Саяхатшы күнделігі», «Орыс әлемі» және т.б. қызықты айдарлар бар.
   Қазақстанда газет «Қазпошта», «Евразия Пресс», «Эврика Пресс» және «Мир пресс»  компанияларының желісі арқылы таратылады.
   Кездесу барысында бас редактор оқырмандарға газеттің тарихы туралы баяндап, 2002 жылы жарияланған алғашқы басылымдарды көрсетті. Сонымен қатар, Юрий Киринициянов газеттің безендірілу құпиясымен бөлісіп,  оқырмандар қызығушылығын қалай арттыруға болатынын айтты.
   Кездесуге журналист Сергей Козлов, «Весь Мир»  газеті редакторының достары және оқырмандар қатысып, редакторға алғыстарын білдірді.

     

                                              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование