KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12 3 4567
8 910 11 12 1314
15 16 17 18192021
22232425262728
293031
барлығы:  13590644
2018 жылы:  2653678
бүгiн:  6948
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2018

   2018 жылғы 28 қыркүйек Н.Дәулетова атындағы залда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы: Pro et Contra» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелге қатысушылар соңғы 15 жылдағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нәтижелерін талқылады.
   1998 жылғы 24 наурыздағы ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 22-бабынан 2 және 5 тармақтары 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239-V Заңымен алынып тасталды. Аталған тармақтар іс жүзінде мемлекеттік және жергілікті билік органдарының өкілдерімен жасалған барлық нормативтік- құқықтық актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті түрде ғылыми сараптаманың жүргізілуін тұрақтандыратын. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама өндірісінің тоқтатылуы нәтижелердің талдауын ашық түрде жария қылмады.
   2015 жылдан бастап, қалыпты шығармашылық саласында маңызы мен тиімділігі жағынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алмастыратын жемқорлыққа қарсы құрал пайда болмады. Нормативтік - құқықтық актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың міндетті түрде жүргізілуінің тоқтатылуынан кейін туындаған жағдай барлық мүдделі тұлғалардың ұғынуын және талқылануын талап етеді. Өйткені, өзекті мәселе болып, сыбайлас жемқорлық нормаларының туындауына алып келетін қатерлерді төмендету міндеті қалып отыр.
   Дөңгелек үстелді «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы жүргізді. 
   Іс шарада Астаналық мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб басқару комитетінің төрағасы Ә.М.Байменов, ЕҚЫҰ-нық Астанадағы кеңсесінің басшысы Сабо Дьердь құттықтау сөз сөйлеп, «Экспертиза және жаңа технологиялар ғылыми-өндірістік институты» ЖШС директоры М.В.Сандарчук баяндама оқыды. 

     

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование