KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13141516
17181920212223
24252627282930
31
барлығы:  14348142
2018 жылы:  3411176
бүгiн:  6525
қазiр:  586
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.07.2018

   2018 жылғы 27 шілдеде Н.Дәулетова атындағы залда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығы аясында жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Мәлік Отарбаев -  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Жамбыл» сыйлығының иегері. Қазақ және түрік тілінде жазған әңгімелері мен эсселері әзірбайжан, орыс және қырғыз тіліне аударылған. Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш калемлер» журналына қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтары жөнінде материалдарды жинақтап, түрік тілінде жариялаған.
   «Бір қайыры бар дүние» кітабына Мәлік Отарбаевтың қазіргі қоғам, өтпелі уақыт, ұлттық руханият туралы эсселері мен шағын әңгімелері топтастырылған. Автор кітапта адамдар арасындағы қарым- қатынас, өмірлік құндылықтар және асыл сезім туралы баяндайды. Кітап 1000 дана таралыммен «Аннұр Сапа» баспасынан жарық көрген.
   Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашып, белгілі қоғам қайраткерлері: Дандай Ысқақұлы, Темірхан Медетбек, Шәмшия Көпбаева, Нағашыбек Қапалбекұлы, Рафаэль Ниязбек, Нұрлан Ораз, Нұрдәулет Рақыш, Әділғазы Қайырбеков, Берік Жақанов, Асылы Осман қатысып, сөз сөйледі.

   Іс-шараны ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование