KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14659797
2019 жылы:  121579
бүгiн:  5271
қазiр:  377
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2018

   2018 жылғы 15 мамырда Е.Тұрсыновтың кинозалында Қазақстанның халық әртісі Құддыс Қожамияровтың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанынан құрылған «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.   
   Қожамияров Құддыс (1918-1994) Алматы облысы Қайназар ауылында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауылы) дүниеге келген. Ұйғыр композиторы. КСРО-ның халық әртісі. 1951 ж. Е.Г. Брусиловскийдің класы бойынша Алматы консерваториясын бітірген. 1951-52 жылдары Москва консерваториясында оқыған. Құддыс Қожамияров ұйғыр халқының кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы.
Ол «Назугум» (1956), «Алтын таулар» (1960, Н.Тілендиевпен бірге), «Садыр Палуан» (1977) операларының, «Чин Томур» (1969) балетінің, «Гүлден Жетісу» (1970) ораториясының, «Дутар туралы аңыз» (1984) вокалды-симфониялық поэманың, 5 симфонияның (1971-87), симфониялық поэмалардың, оркестрмен орындалатын концерттердің (сонымен қатар, флейта және гобойға арналған, 1986; дауысқа арналған, 1980)  және басқа да шығармалардың авторы. Алматы консерваториясында дәріс берген (1968 ж. – композиция кафедрасының меңгерушісі), 1957-67 жылдар аралығында ректор қызметін атқарған.
   Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы, және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
   Кеш аясында Қ.Қожамияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұйғырдың тұңғыш композиторы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кеште танымал мәдениет қайраткері Ахметжан Қадыров, өнертанушы, профессор Пернебек Момынұлы, ұйғыр жазушысы Ахметжан Ашири, Қ.Қожамияров атындағы театрдың актрисасы Аблизова Турдибуви қатысып, «Достлық», «Рухсара» ансамбльдері және басқалары өнер көрсетті.

          

                                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование