KZ     RU     ENG
Сенбі, 18 Тамыз 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 345
6789 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20212223242526
2728293031
барлығы:  12810397
2018 жылы:  1873431
бүгiн:  3315
қазiр:  127
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2018
   «Қазақстан кітаптары» оқу залында 9 мамыр  ̶  Жеңіс күніне арналған «Ұмытылмас тарих» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соғыс аяқталғаннан бері арада көп жылдар өтсе де, тақырып қазіргі адамдардың жадында жаңғыртып, сезімдерін толқытады.                                                                                                                          
   Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына белсене қатысып, көптегені өз еркімен майданға аттанды. Олар майданның алғы шебінде, нақ өрт жалынында жүріп, Мәскеу және Сталинград түбінде, Курск доғасында ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтардың көп бөлігі Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Майданда жан аямай арпалысып, 500-ден астам адам Кеңес Одағының батыры, ал төртеуі Т.Бигельдинов, С.Луганский, Л.Беда және И.Павлов екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды. Ә.Молдағұлова мен М.Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағын қайтыс болғаннан кейін берілді.
   Қалған қазақстандықтар тылда ерен еңбек етті. Майданға азық-түлікпен, киіммен, әскери құралдармен жабдықтауда ел үлкен рөл атқарды. Қазақстанға көптеген заводтар мен фабрикалар көшірілді. Барлық өндіріс орындары қорғаныс өнімдерін шығарды. Әйелдер мен қарттар, балалар өте ауыр жағдайда жұмыс жасап, майдандағыларды барлық қажетті заттармен қамтамсыз етіп отырды.
   Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Өздерінің өмірін аямастан олар фашистік жүйені қиратып, рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Берлинді алу кезінде және рейхстагқа алғаш кіргендердің ішінде қазақстандықтар баршылық, солардың бірі рейхстагқа Жеңіс туын тіккен 674-атқыштар полкінің лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов.
   Шектен шыққан жауыздық пен азап, орны толмас шығындар, қирату мен қайғыға Ұлы Отан соғысындағы 1418 күндер мен түндер толы болды. Ешкім де, ешнәрсе де фашизмге қарсы соғыстағы жеңістің бүкіләлемдік-тарихи маңызын, халықтың асқақ ерлігінің ұлылығын төмендете алмайды.
   Кеңес Одағының түпкір-түпкірінде қуанышты хабар, көптеген күткен «Жеңіс!» сөзі 1945 жылы 9 мамырда жаңғырды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ұлы Отан соғысы туралы материалдар, соғыс жылдарындағы Қазақстанның рөлі, қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерліктері туралы естеліктер, әскери мемуарлар мен суретті альбомдар, қазақстандық авторлардың көркем шығармалары және т.б. ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование