KZ     RU     ENG
Жұма, 27 Сәуір 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
23 4 5 6 78
9 10 11 12 13 1415
16 17 18 19 202122
23 24 25 26272829
30
барлығы:  11513950
2018 жылы:  576984
бүгiн:  1233
қазiр:  126
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.04.2018

   2018 жылғы 18 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық әртісі Әнуар Молдабековтың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.
   Әнуар Молдабеков 1938 жылы Алматы облысының Іле ауданында туған. Профессор Ә.Мәмбетов пен Н.Жантөриннің жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры студиясын бітірген. 1960-1965 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамында, ал 1965 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып қызмет еткен. Отты қызулық, айқындық пен идеялық тереңдік оның актерлік өнеріне тән қасиет. Ә.Молдабековтың спектакльдеріндегі басты рөлдері қатарында Досым (Қ.Аманжолов «Досымның үйленуі»), Мәмбет (Ш.Айтматов, Қ.Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу»), Қобыланды, Кебек (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобланды», «Еңлік - Кебек»), С.Сейфуллин (С.Мұқановтың осы аттас драмасы), Жантық (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Керім (Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Алдаркөсе (Ш.Хұсайыновтың осы аттас комедиясы) және т.б. бар. 1965 жылдан киноға түсіп, Мұса («Ән қанатында»), Тәжібай («Қилы кезең»), Шеге («Қыз Жібек»), Еркебұлан («Кездеспей кеткен бір бейне»), Еламан («Қан мен тер»), Қасым Батыров («Қала қалқаны»), Қожабек («Қаралы сұлу») бейнелерін сомдаған.
   «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
   Іс-шара аясында Ә.Молдабековтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сахна сұлтаны» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кеш модераторы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенев атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры Аман Бекенұлы Құлбаев болды.
   Сөз сөйлегендер: Әнуар Молдабековтың жұбайы Баян Имашева, Қазақстанның халық әртістері Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев, Нүкетай Мышпаева, Торғын Тасыбекова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Салиха Қожықова және бауыры Болат Рақышев және т.б. өнер қайраткерлері.
   Іс-шараға қатысқандар: зиялы қауымдар, оқырмандар, Алматы қ. кітапханашылары.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование