KZ     RU     ENG
Жұма, 18 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14663097
2019 жылы:  124879
бүгiн:  38
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.02.2018

2018 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды кеш өтті.

   Кеште ақынның өлеңдері, әндері және бейнефильмдері көрсетілді. Кеште Қазақстан Репсубликасы Ұлттық кітапханасының қызметкері Нұрғазы Шалқар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Жеңісхан Жайдар, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың қызметкері Сыздықов Болатқан, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің кітапханашысы Алдабекова Арай, Қаскелең мәдениет колледжінің студенті Самижан Ақан өнерлерін көрсетті.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойып, қатысушыларды үлкен әсерге бөледі. Кештің соңына қарай Орталық ғылыми кітапханасының  мамандары «Ғашықпын» атты  бейнебаян көрсетті.
   Кешке жас мамандар, Алматы қаласындағы университеттер  кітапханалары және Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері қатысты.

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование