KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14662870
2019 жылы:  124652
бүгiн:  8344
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.02.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың  (1938-1994) туғанына 80 жыл толуына арналған «Кемел суреткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Салихитдин Айтбаев 1938 жылы 15 ақпанда Қызылорда қаласында туылды. График – суретші. 1961 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. М. Кенбаевтан дәріс алған. 1969-1971 жж. осы училищеде ұстаздық етті. С. Айтбаевтың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан ұлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан: «Шопандар демалысы» (1962) «Бақыт» (1966), «Жас қазақтар» (1968), «Қонақтар келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкеледі. Ол «Ә. Әлімжанов» (1970), «Ана» (1973), «Әке», «Шопан» (екеуі де 1974), «Абай» (1994) портреттерін салды. 1966 ж. ол «Менің отаным» атты суреттер топтамасы үшін Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988). С. Айтбаевтың кескіндемелік және графикалық туындылары
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында, Астана қаласындағы заманауи өнер мұражайында сақтаулы.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан қазақтың график – суретшісі,  С. Айтбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
  
   Кітап көрмесіне келіңіздер!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование