KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 21 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10780901
2017 жылы:  1938505
бүгiн:  876
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2017
   2017 жылғы 14 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда Пәкістанның Тәуелсіздігіне 70 жыл толуына, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, сондай-ақ Пәкістанның  ұлы ақыны, философы, рухани әкесі Аллам Мұхаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өтті.
 
   Іс-шараны  Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының елшілігі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті және ҚР Ұлттық кітапханасы  ұйымдастырды.
   Кешті  ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов пен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының орынбасары Д. Әлиев, Алматы қаласының Сыртқы істер министрлігі өкілдігі басшысының орынбасары Д. Жакенов құттықтау сөзбен ашты.
   Кештің модераторы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы Ыхтияр Палтөре.
  Кеште Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Абдул Салик Хан,  Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасы елшілігінің әскери атташе бригадалық генералы Шакил Фариди, Пәкістан Ислам Республикасы елшісінің орынбасары Вакас Ахмед, Қазақстандағы Пәкістан Ұлттық банкінің төрағасы Мухаммад Рафик Пәкістан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар және Пәкістанның ұлы ақыны, философы Аллам Мұхаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына байланысты ағылшын және үрді тілінде ғылыми зерттеулер мен терең мағыналы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, үрді тілінің маманы, профессор, PhD докторы С.Н. Досова, үндітанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің аға оқытушысы З.Е. Искакова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің доценті, үндітану бөлімінің меңгерушісі Д.М. Кокеева  «Қазақстан мен  Пәкістан  арасындағы  дипломатиялық байланыстары»,  «М. Икбалдың шығармашылық мұрасы» туралы қазақ, ағылшын, орыс, үрді тілдерінде ғылыми-танымдық баяндамалар жасады.
   Шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 2-курс магистранты, үндітанушы У. Ешметова ақын М. Икбалдың өлеңдерін үрді тілінде және ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ж. Шыңғысов, А. Жақсылық, А. Қырбасов, М. Жақсыбаева ақынның қазақ тіліне аударылған өлеңдерін, сондай-ақ қазақтың белгілі ақыны Ә.Д. Нілібаевтың М. Икбалға арнаған «Сен абызсың ғұлама» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.
   ҚР  Ұлттық     кітапханасының    Әлем     әдебиеті     қызметінің   кітапханашысы  
М. Жақсыбаева «Пәкістан кітап бұрышына – 10 жыл» атты слайд-шоуды таныстырды. 
   Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Н. Елемесов домбырамен қазақтың халық әнін орындады.
   Іс-шараға қатысқандар: Алматы қаласындағы Пәкістан бірлестігінің өкілдері, Қазақстан зиялылары, жазушылар мен ақындар, әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұстаздары мен студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, кітапхана  оқырмандары.
   Іс-шараға арналған «Қазақстан – Пәкістан: достық пен әріптестік рухында» атты кітап көрмесін ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Қ.М. Изамбекова қонақтарға шолу жасап, таныстырды. Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы мен Пәкістан кітап бұрышының қорынан қазақ, ағылшын, үрді, парсы және орыс тілдеріндегі басылымдар ұсынылды.
 
     
                                  
                                       
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование