KZ     RU     ENG
Жұма, 27 Сәуір 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
23 4 5 6 78
9 10 11 12 13 1415
16 17 18 19 202122
23 24 25 26272829
30
барлығы:  11513818
2018 жылы:  576852
бүгiн:  1101
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2017

   2017 ж. 15 наурызда сағ. 10-00-де Н.Даулетова атындағы залда көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының  ғылыми мұрасын зерттеп, жүйелеу, насихаттау»  атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция өтті.

   Конференцияның ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.
   Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Тәуелсіздік және алаш идеясы; А.Байтұрсынұлы еңбектері және қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар; А.Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы; А.Байтұрсынұлы еңбектерінің жинақталуы, зерттелуі; ХХ ғасырдың басы – қазақ ғылымының алтын кезеңі /қазақ халқының рухани өркендеу кезеңі/; мемлекеттік тіл, тіл саясаты; қазақ тілі грамматикасы; әлеуметтік лингвистика; қолданбалы тіл білімі; қазақ тілін оқыту әдістемесі.
   Іс-шараға еліміздің, шет елдердің алаштанушы, ахметтанушы ғалымдары (ҚР ҰҒА академигі Рабиға Сыздықова, ҚР ҰҒА академигі Шора Сарыбаев, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбаев, филол.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, филол.ғ.д., профессор Айгүл Ісмақова, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, филол.ғ.к. Райхан Имаханбетова, Хусейн Кахраман Мутлу, Ахмед Аляз, Абдулфатих Сабри Юнус т.б.), көрнекті қоғам қайраткерлері, мұрағат қызметкерлері (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева),  ЖОО профессорлары мен оқытушылары, білім алушылары шақырылды.
   Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы «Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» көрнекті ғалымның көзі тірісінде жарыққа шыққан кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

  

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование