KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 21 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10781019
2017 жылы:  1938623
бүгiн:  994
қазiр:  149
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Бір ел - бір кітап» республикалық  акциясының аясында қазақтың ақын-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың   шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Әділқазылар шешімі бойынша Қазақстанда 2017 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының аясында  жыл бойы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын оқу таңдалды. Акцияның мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік-отансүйгіштік тәрбие беру және ұлттық әдебиетті, тарихи-мәдени және рухани мұраны насихаттау.
   Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында (бұрынғы Павлодар облысы) шаруа отбасында туылған. Алғашында әкесінен ескіше сауатын ашып, кейіннен молдадан оқиды. 1912 жылдың аяғына қарай Троицкі (Челябинскі облысы) қаласындағы мұсылмандық мектепке оқуға түседі, өз бетінше  ғылымның негізін, орыс тілін үйренеді, А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтовты, И.А.Крыловты сүйіспеншілікпен беріліп оқиды.
   1913 жылдың шілде айында С.Торайғыров сырқатына байланысты оқудан шығып,  ауылына қайтады. 1913 жылы алғашқы қазақ журналы «Айқаптың» редакциясында хатшылық қызмет істеп, жазған очерктерінің бірқатарын журналда жариялайды. Жас ақынның  шығармалары өткірлігімен, көркемдігімен, терең пайымдауымен,  шыншыл да  демократияшыл, болашаққа деген сенімділігімен ерекшеленді. Өзінің алғашқы романы «Қамар сұлуда» (1914) автор    әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдайды. «Кім жазықты» (1915) романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен  қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Оның әлеуметтік-философиялық «Адасқан өмір» поэмасы (1918)  бес тараудан тұрады: «Мен – бала», «Мен – жігіт», «Мен – тоқтадым», «Мен – кәрі», «Мен – өлік».
   1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін С.Торайғыров халыққа жақынырақ болу үшін Семей қаласына келіп алашордалықтарға қосылады. «Алаштықтардың» ойларын жылы қабылдап, өзінің шығармаларында таңдана отырып жазады. Жас ақынның шығармашылығы үшін бұл жылдар жемісті болды.
   С.Торайғыровтың шығармалары жеке кітап болып Кеңес Үкіметі кезінде жарық көрді. Ең үздіктері қазақ поэзиясының антологиясына және хрестоматиясына енді. Қазақтың белгілі ақыны Дихан Әбілов «Ақын арманы», «Арман жолында», «Баянауыл баурайында» (1965) атты трилогиясын қазақ және орыс тілдерінде ақынның шығармашылығына арнады. С.Торайғыровтың ақындық шығармашылығы тақырыбына Қ.Қ.Шалғынбаева, А.Б.Шәрібжанова, Л.Ақбаева ғылыми дәрежелерін алу үшін диссертацияларын қорғады.
   С.Торайғыров 1920 жылы 27 жасында өкпе ауруынан қайтыс болады.
   Павлодар қаласында ақынға ескерткіш орнатылған. Павлодар Мемлекеттік университетіне, Қазақстандағы барлық қала көшелеріне, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы өзенге, ауылдық жерге ақынның есімі берілген.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған естеліктер мен мақалалар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование