KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 17 Желтоқсан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 1516
17181920212223
24252627282930
31
барлығы:  14398251
2018 жылы:  3461285
бүгiн:  3516
қазiр:  148
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.10.2013

   2013 жылы 29 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қызметі және тарихи зерттеулердің «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің авторларымен шығарылған жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.

   Іс-шара Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының және Алматы қаласы Ғылыми-эксперттік тобы мүшелерінің ықпалымен өткізілді.
   Мақсаты этникалық авторлардың әдеби және ғылыми еңбектерін әйгілендіру, республиканың ұлттық этностары шығармашылығының көрнекті өкілдерімен оқырмандар аудиториясын таныстыру, сонымен қатар Қазақстан халықтары арасындағы мәдениетті, өзара түсіністікті және толеранттылықты нығайту болып табылады.

   Тұсауы кесілген кітаптар:
   «История Казахстана» - жоғары оқу орындарына арналған оқулық, авторы Кан Георгий Васильевич, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Корей этномәдени бірлестігінің бірінші орынбасары.
   «Эссе о творчестве» - шығармада кітап авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы, Грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Космериди Спиридон Георгиевичтің өмірлік және шығармашылық жолын суреттейтін автобиографиялар және құжаттар берілген.
   «Дагестанцы в Казахстане» - кітабы дағыстан диаспорасының ауыр тағдыры, тарихи жолы және бүгінгі күні туралы баяндайды. Автор Увайсов Мусаннип Зияутдинович – Дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы.

   Модераторы  Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қаласы Ғылыми-эксперттік тобының төрағасы, философия ғылымының докторы Шайкемелев Мұхтарбек Сейд-Алиевич.
   Авторлар өз кітаптарын ұсынды: Кан Г.В., Космериди С.Г., Увайсов М.З. Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық Университетінің  тарих ғылымының докторы А.Ш Алтаев «История Казахстана» оқулығының  құрастырылуы  туралы  айтты.
   Жаңа кітаптарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасындағы Алматы қаласы Ассамблеясының Депозитарииі қорына және қатысушыларға сыйлады.
   Іс-шара аясында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің материалдары бойынша көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Іс-шараға Алматы қалалық әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы қаласы Ғылыми-эксепрттік тобының, БАҚ өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жастар, оқу орындарының студенттері, қала кітапханашылары қатысты. 

       

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование