KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 26 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16127992
2019 жылы:  1589774
бүгiн:  9271
қазiр:  97
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Кітапхана ісіне байланысты жаңа басылымдар / 2014

2014

Кітапхана құқы = Библиотечное право: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы = сборник законов и нормативно-правовых актов. 14-шығ. / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: А.Қ. Байдарова, Г.А. Маханбетова; ред. К.К. Қоштаева. - Алматы, 2014. -  276 б.

«Кітапхана құқы. Библиотечное право» жинағының 14-ші басылымына  Қазақстан Республикасында 2012-2013 жж. кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық  актілер алынды.
Жинаққа  Қазақстан Республикасы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, заңдар мәтіндері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары  мен Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат Министрінің бұйрықтары берілген.
Жинақ  барлық жүйе және мекемелердің кітапхана қызметкерлеріне және кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында дәріс беретін оқытушыларға арналған.

Қазақстан кітапханалары-2013 жыл. Мәліметтер. Сандар/ ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: А.К.Байдарова, Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; ред.: К.К.Қоштаева. - Алматы, 2014. -  78 б.: кесте

Басылым облыстық ғылыми әмбебап кітапханалардың 2013 жылғы есептерін саралап зерделеу негізінде және  Ұлттық кітапхананың сайтында орналасқан Мәдениет министрлігіне қарасты кітапханалардың «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына енгізілген 2013 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері бойынша дайындалды. 
Қосымша кестелерде 2012-2013 жж. Қазақстан Республикасындағы Мәдениет министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханаларының және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.
Басылым кітапхана ісіне жауапты мемлекеттік кызметкерлерге, кітапхана ісі  саласының мамандарына, зерттеушілер мен студенттеріне арналған.

 
Служение библиотечному делу = Кітапхана ісіне қызмет ету / Н.Қ. Дәулетова атын. Сарыкөл орт. ауд. кітапханасы ; сост. Л.Н. Ведлер ; ред. С.М. Дутпаев.– 2-е изд., доп.– Сарыкөл ; Қостанай : Қостанай баспа үйі, 2014.– 124 с.– рус., каз. яз.

Кітап Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосқан, үздік кітаптанушы, Нәзира Қожақметқызы Дәулетоваға арналған. Ол 40 жыл көлемінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында қатардағы кітапханашыдан директорлыққа дейінгі қызметтерді атқарған. Кітапта Н.Қ. Дәулетова туралы естеліктері мен оған арналған өлеңдері, (Т. Молдағалиев, М. Хакімжанова және т.б.) 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары енгізілген.
   Сондай-ақ кітапта Н.Қ. Дәулетова еңбектерінің библиографиялық тізімі және оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер бар.
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование