KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 26 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16127571
2019 жылы:  1589353
бүгiн:  8850
қазiр:  164
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Кітапхана ісіне байланысты жаңа басылымдар / 2016

2016

 
Қазақстан кітапханалары - 2015 жыл. Мәліметтер. Сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Т. Ауғанбаева, Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; - Алматы, 2015. - 71 б: кесте.
Сараптама-статистикалық жинағында Қазақстан Ресупбликасындағы кітапханалар және олардың кітапханалық қызметі туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2015 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды. Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2014-2015 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.
Басылым кітапхана мамандарына, зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.
 

Серебрянникова Т. О. Библиотечные каталоги: оқу-тәжірибелік құрал / Т. О. Серебрянникова, М. В. Стегаева.– Санкт-Петербург: Профессия, 2016.– 143 с.– (Азбука библиотечной профессии).

   Құралда кітапхананың анықтамалық-іздеу аппараты жүйесінің маңызды элементтерінің бірі – кітапханалық каталог туралы жалпы түсінік берілген. Авторлар  қазіргі кітапханалардағы каталогтардың негізгі түрлерін жан-жақты сипаттайды, оларды ұйымдастыру, жүргізу, редакциялау және рәсімдеу мәселелерін ашып көрсетеді. Оларды құрастыру және элекронды каталогтан іздеу технологияларына баса назар аударылған. Жиынтық каталог  және  корпоративтік каталогтау түрлері қарастырылған. Қосымшасында бірегей машинаоқитын жазбаларды қалыптастыру технологиясы және Ресей кітапханаларының Жиынтық катологынан ақпарат іздеу мысалдары келтірілген. Құралдың мазмұны көрнекі түрде болғандықтан, оны пайдалану жеңіл. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтардың көмегі арқылы білімді меңгеру деңгейін тексеруге болады.
   Басылым арнайы білімі жоқ кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ «Кітапханалардың ақпарттық-іздеу аппараты» курсын меңгеретін жоғары оқу орындарының кітапханалық-ақпараттық факультеттерінің және мәдениет колледждерінің студенттеріне арналған.

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение: Мақалалар жинағы / 29 шығ. ҚРҰК; – Алматы, 2016. – 2016.– 121б.-Қазақ орыс тілдерінде.

   Жинаққа «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына келіп түскен басылымдар туралы толық мағлұматтар берілген. Ақмола облысы көпшілік кітапханаларының кәсіби жұмысы, кітапханалық корпоративтік каталогтау тарихымен бірге Қазақстандық корпоративтік каталогтау оорталығының жұмысы, ақпараттық мәдени ортаны қалыптастырудағы кітапхананың рөлі, кітапхана мен мамандықтың мәртебесі, Ұлттық кітапхана қызметінің БАҚ-да көрініс табуы жайында мақалалар енгізілген.
   Жинақ кітапхана қызметкерлеріне, кітапханатанушыларға және мәдениет саласының мамандарына арналған.
 
 

 

 
Кітапханашы анықтамалығы : екі бөлімнен тұрады / ҚР Ұлттық кітапханасы ; жауапты ред. Ж.Т. Сейдуманов ; құраст.: К.К. Қоштаева, Г. А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова, Г.Т. Ауғанбаева.– Алматы, 2016.– 2-ші бөлім.– 240 б.
 
Кітапханашы анықтамалығының екінші шығарылымындағы бөлімдерде:
- кітапханалық менеджмент;
- кітапхана қызметін ғылыми-әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету;
- кітапханалардағы жобалық жұмыстарды ұйымдастыру;
- кітапхананың жұмыс үдерістерін мөлшерлеу; 
- кітапхана ғимараттары туралы ақпарат берілген.
 Анықтамалық барлық жүйелер мен мекемелердің кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының дәріс берушілері мен студенттеріне арналған. 
 
 

 
Н.Қ. Дәулетованың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі және Қазақстанның кітапхана ісінің қазіргі заманғы даму бағыттары = Научно-организационная деятельность Н.К. Даулетовой и современные тенденции развития библиотечного дела Казахстан : респуб. ғылыми-практ. конф., (Алматы, 13 мамыр 2016 ж.) / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Ә.А. Асқар, Б.К. Оспанова, А.Х. Юсупова ; құраст.: Э.Ж. Әзіретбергенова, Г.Т. Рахимжанова.– Алматы, 2016.– 118 б.– қазақ, орыс тілдерінде.
 
Жинаққа Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері Нәзира Қожақметқызы Дәулетованың туғанына 90-жыл толуына арналып өткізілген ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы мен қалыптасуы жайында өзекті мақалалар қамтылған.
Баcылым кітапхана мамандары мен қалың жұртшылыққа арналған.

 
Кітапхана құқы: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы = Библиотечное право: сборник законов и нормативно-правовых актов / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Г.А. Маханбетова; ред. К.К. Қоштаева.– Алматы, 2016.– 16-шығ.– 125 б.– қазақ, орыс тілдерінде.
 
Басылымға Қазақстан Республикасында 2014-15 ж. кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық  актілер алынды. Жинақта  ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Мемлекеттік хатшысының өкімі мен ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтары берілген.
Жинақ кітапханалық-ақпараттық сала мамандарына, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен ғалым-мәдениеттанушыларға, басқару органдары қызметкерлеріне арналған.
 

 
"Я хочу оставить след за собой..." = "Мен артымда із қалдырғым келеді..." : Бердигалиева Роза Амангалиевна (1945-2015) : книга памяти / Казахская нац. консерватория им. Курмангазы ; науч. конс. Ж.Я. Аубакирова ; сост.: Н.А. Муканова, Б.Д. Дуйсекова, С.А. Тасыбаева.– Алматы, 2016.– 220 с.– рус., каз. яз.

Кітап Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 35 жылдан астам Мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарасты ұлттық және республикалық мекемелерді басқарған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бұрынғы директоры, Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциациясының президенті, «Евразия Кітапханалар Ассамблеясының» алғашқы президенті, кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосқан Қазақстандағы кітапхана қауымының дүние жүзіне танымал (белгілі) көшбасшысы, Халықаралық кітапхана қауымдастығы федерациясының және мекеменің Азия және Мұхит елдерінің тұрақты өңірлік комитет мүшесі Р.А. Бердіғалиеваға (1945-2015) арналған.
   Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
 

 
Шуминова Ирина Олеговна. Библиотеки будущего: спектр перспективных услуг : практическое пособие.– М.: Либер-Дом, 2016.– 112 с.

Жаһандану дәуірінде заманауй кітапханалар көпшілікке арналған акциялар өткізуге арналған алаңға, мектептен тыс білім алу және пайдаланушылардың өзін-өзі дамытуға, олардың бос уақытын өткізуге, көңіл көтеруге арналған аумаққа айналып бара жатыр. Кітапханалар ақпараттық теңсіздікті еңсеруге ықпал етеді, өз аймағындағы желілік мәдениеттің сақталуына көмектеседі, әлеуметтік қорғалмаған адамдарға белсенді қолдау көрсетеді. Кітапхана мекемелерінің жаңа типтегі мәдени-ағартушылық орталықтарына айналу үрдісі осыдан көрінеді.
   Ұсынылып отырған кітаптың авторы түрлі кәсіби тәжірибенің жинақталуы негізінде кітапхана саласы дамуындағы болашақтағы үрдістер туралы жан-жақты айтылады.
 

  
Ладожина Татьяна Николаевна. Информационная культура: содержание и методика освоения : практическое пособие.– М.: Либер-Дом, 2016.– 112 с.
 
Оқу құралы оқып жүрген жастардың заманауй ақпараттық кеңістікте жоғарғы мектептің оқу бағдарламасын жеткілікті деңгейде меңгеруге бейімделуге; студенттердің білім, ептілік, олардың ғылыми-зерттеу қызметінде өзін-өзі ақпараттық қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Басылым құжаттардың библиографиялық сипаттамасын дербес құрастыруға, ақпаратты электронды және баспа ресурстарында және мәліметтерді жүйелендіруге; оның сараптамалық-синтезге негізделген өңдеу әдістеріне; дербес оқу және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындау технологиясына және оны рәсімдеуге арналған (конспектілер, рефераттар, баяндамалар және т.б.).
   Оқу құралы студенттерге, жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушыларына, сондай-ақ тәжірибелі кітапханшыларға арналған. Оны оқу мекемелерінде барлық пәндер бойынша қолданылатын, тәжірибелік тренинг құралы ретінде қарастыруға болады.
 

  
Шипилова Ирина Захаровна. Библиотека семейного чтения: традиции и новации : пособие для специалистов и родителей.– М.: Либер-Дом, 2016.– 144 с.

Оқу құралында отбасылық оқу кітапханасының жұмысы барлық отбасы мүшелерінің танымдық және көңіл көтеру қызметін ұйымдастырушы орталық ретіндегі кітапхана жұмысы сипатталады. Кітапханалық түрлі бағдарламалар және оны кітапханаларда енгізу тәжірибелері ұсынылған. Кітапханалардың осы түрін құру ұстанымдары келтіріліп, оларды бағалау белгілері ұсынылған. Отбасылармен жұмыс істеудің дәстүрлі және инновациялық түрлері келтірілген, оларды пайдаланудың маркетингтік стратегиялары сипатталады. Отбасылық оқуды қалыптастыратын ақпараттық орта туралы айтылған. Н.Ф. Погодин атындағы Мәскеу кітапханасының алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне кеңінен тоқталған.
   Басылым отбасылармен жұмыс істейтін көпшілік кітапханалардың қызметкерлеріне, мамандарға, мәдениет саласының жоғары және орта арнай оқу орындарының студенттеріне, кіші және жасөспірім жастағы балалардың ата-аналарына арналған.

  
Румянцевские чтения – 2016 : материалы междунар. науч.–практ. конф. (Москва, 12-13 апреля 2016) : в 2 ч. / Рос. гос. б-ка ; Библиотечная ассамблея Евразии ; редкол.: А.И. Вислый, О.М. Андрианов, М.Е. Ермакова и др. ; сост. Е.А. Иванова.– М.: Пашков дом, 2016.

Ч. 1.– 423 с.
Ч. 2.– 351 с.
Жинақ Ресей мемлекеттік кітапханасының «Румяновские чтение – 2016» ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциясының материалдарын қамтыған. Кітаптану, кітапханатану және бибилографиятану теориясы мен тәжірибесінің бірқатар мәселелері дәстүрлі түрде қарастырылған. Басылымда қолжазбаны және баспа кітаптарды, кітап басу тарихын зерделеу, мәдениет қайраткерлерінің кітапхана қорларын және жеке жинақтарды қалыптастыру жұмыстары ұсынылған. Сондай-ақ басылымға бүгінгі күнгі  кітапхана қызметтерінің басым бағыттарын, ақпараттық технологиялардың және электронды кітапханалардың дамуы, кітапхана мамандарын дайындау мәселелерін  баяндайтын мақалалар енген.
   Конференция материалдары кітаптанушыларға, кітапханатанушыларға, библиографтарға, тарихшыларға, мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.
 

 
Знай наших : учеб. пособ. / сост. О.А. Томашева.– Минск: Красико-Принт, 2016.– 128 с.

«Кітапхана» сериясының оқу құралы Беларусия кітапханасы жұмысының тәжірибесінен алынған, негізгі мақсаты оқырмандарды тартумен қатар, республиканың табиғаттын, көркем әдебиеті мен өнерін насихаттау болып табылатын түрлі бұқаралық іс-шаралардың сценариін қамтиды. Мұнда ауызша журналдардың, музыкалық жобалардың, әдеби кештердің және басқа сценарилер бар. «Возвращение к истокам» беларус жазба мұрасы мерекесінің тарихына арналған экскурсия ерекше қызығушылық тудырады.
 
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование