KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115662
2019 жылы:  1577444
бүгiн:  16479
қазiр:  84
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Жаңалықтар

   2018 жылғы 11 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында ү.ж. 13-14 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «КІТАПХАНА – ҚОҒАМНЫҢ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ, КӨП ДЕҢГЕЙЛІ  ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ИНСТИТУТЫ» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезінің дайындық жұмыстарына, басқа да өзекті мәселелерді талқылауға арналған жұмыс отырысы өтті.

   Аталған шараның жұмысына Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының (РҒТК) кітапхана жұмысы және инновациялар жөніндегі вице-президенті И. В. Соловьева, ҚР БжҒМ  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е. Қаймақбаева, ҚР ҚР БжҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы  ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысы А.Б. Емишова, патенттік-ақпараттық жұмыстар орталығының (РҒТК) директоры                       А.М. Муканова, Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы директорының кеңесшісі К.Е. Байзакова, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің (ОКЖ) директоры Р.К. Кабиева, ОКЖ әдіскері О.И. Купцова және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.К. Оспанова және Ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі Г.А. Маханбетова қатысты.
   Отырысты ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова жүргізді.
   Отырыс барысында қатысушылар Съезд жұмысының тұжырымдамасымен, бағдарламасымен танысып, ұйымдастыру мәселелері жөнінде көптеген келіссөздер жүргізді.

     

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование