KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16116171
2019 жылы:  1577953
бүгiн:  16988
қазiр:  150
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2012

2012

 Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977): библиографиялық көрсеткіш (төрт кітаптан тұрады) / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К.Әбілова; редакторлары: Ғ.Тәшімбай, Ә.Сәйдембаева; алғы сөзін жазған А.К.Рахимова. - Алматы: ИП «ПиК» Сартпаева Л.Б., 2012.- 3-кітап. - 370 б. 

Библиографиялық көрсеткіш 2012 жылы жарыққа шыққан 1-2 кітаптың жалғасы болып табылады. Көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жж. қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.

 Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977): библиографиялық көрсеткіш (төрт кітаптан тұрады) / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К.Әбілова; редакторлары: Ғ.Тәшімбай, Ә.Сәйдембаева; алғы сөзін жазған А.К.Рахимова. - Алматы: ИП «ПиК» Сартпаева Л.Б., 2012.- 4-кітап. - 348 б. 

Библиографиялық көрсеткіш 2012 жылы жарыққа шыққан 3 кітаптың жалғасы болып табылады. Көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жж. қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.

 Художественная литература Казахстана (1968-1977): библиографический  указатель  литературы / сост.: А.Н.Нурсеитова, Р.М.Абишева. - Алматы: ИП «ПиК» Сартпаева Л.Б., 2012. - 536 с. - Рус. яз.

Библиографиялық көрсеткіш 2008 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялық көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жылдар аралығында орыс тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Көрсеткішті құрастыруда ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қоры мен «Қазақстан: өткені мен бүгіні» атты мәліметтер қоры пайдаланылды.  Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған. Көрсеткіш орыс тілінде.

 Қазақстан Республикасының 2013 жылы аталып өтілетін және еске еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2013 год / Национальная библиотека РК; сост.: Д.А.Кыстаубаева, Ш.Б.Усенбаева; ред.: А.Ш.Сайдембаева, Б.Ш.Шаймерденова. - Алматы, 2012. - 109 б.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*)  белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы = Жиенкулова Шара (Гулшара) Баймолдакызы: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.А.Қыстаубаева, Ш.Б.Үсенбаева; ред. Ә.Ш.Сәйдембаева.- Алматы, 2012.- 95 б.- Қазақ, орыс тілдерінде. - («Қазақстан өнері» сериясы).

Көрсеткіш Қазақстанның бірінші кәсіби бишісі, педагог, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткіште 1935 жылдан 2012 жылдың маусым айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.

Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. -  Алматы, 2012.- Қазақ, орыс тілдерінде.
1-шығ.- 82 б.
2 шығ.- 72 б.

Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет
теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.  Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, тиісті басқару жүйелеріне және мамандарға, аспиранттар мен студенттерге арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2012. - Қазақ, орыс тілдерінде.
1-шығ.- 80 б.
2 шығ.- 73 б.
3 шығ.- 89 б.
4 шығ.- 89 б.

Журналда ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование