+7 (727) 267-28-83

14гл2024 жылғы 14 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалымдар, филология ғылымдарының докторы, профессор Мархабат Томановтың «Ғибратты ғұмыр» сериясымен жарық көрген кітабы мен филология ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Ахметжанованың «Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки», «Газетный текст: экспрессивный синтаксис казахского и английского языков» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Шараның модераторы А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Салқынбай Анар.

Шара аясында ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Қасым Балқия; ф.ғ.д., профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Манкеева Жамал; ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мұсатаева Манат Шаяхметқызы; ф.ғ.д., профессор Қажыбек Ерден; ф.ғ.к., Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт; ф.ғ.д., Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры Жұбай Орынай және т.б. баяндамаларын таныстырып, естеліктерімен бөлісті.

Шараға ғалымдар, студенттер, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

14 3   14 5   14 4
14 2   14 6   14 1