+7 (727) 267-28-83

каталогизатор гл

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Батыс Қазақстан  облысы аудандық кітапханаларының мамандары іс-тәжірибелік оқу курсынан өтті. 

Тыңдаушылар каталогтау бойынша халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, электрондық каталогтар мен дерекқорларды құру және қалыптастыру бойынша жұмыс барысымен танысты. Дәрістер және тәжірибелік сабақтар WEB-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізілді.

Оқу барысында тыңдаушылар жұмыс тәжірибесімен алмасып, кітапханалық іс-шараларға белсенді қатысты.

Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ОКЖ) экскурсия ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

каталогизатор1   каталогизатор2   каталогизатор3   касым4