+7 (727) 267-28-83

10.05.2024

Название:
10 мамыр, сағат 10.00-де «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді
Дата:
10.05.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 10 мамыр, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Кеңес Одағының Батырлары – Әлия Молдағұлованың, Сағадат Нұрмағанбетовтің, Халық батыры Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Иван Бабиннің 125 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан жауынгерлері жаппай батырлық пен ерлік таныта отырып, барлық жауынгерлік майдандар мен шайқастарға қатысты. Соғыс жылдарында майданға 1 млн 200 мың қазақстандық жұмылдырылып, 600 мыңнан астам адам қаза тапты. Қазақстаннан 100 мыңнан астам жауынгер жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Іс-шараның мақсаты – азаматтық сананы қалыптастыру, өскелең ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу, олардың бойына Отанға, туған өлкеге сүйіспеншілік пен тарихқа деген құрмет сезімін ұялату.

Концерттік бағдарламада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының үрмелі оркестрі өнер көрсетеді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан "Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар" атты кітап және виртуалды көрме ұсынылады.

Кітап шоу - 2024