+7 (727) 267-28-83

29.03.2024

Название:
29 наурыз, сағат 11.00-де Қанат Тасыбековтің алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Жағдаяттық қазақ тілі» атты  кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
29.03.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 29 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында  Қанат Тасыбековтің алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Жағдаяттық қазақ тілі» атты  кітабының тұсаукесері өтеді.

«Жағдаяттық қазақ тілі» жалпы таралымы 50 000 дана болатын нағыз қазақстандық бестселлерге айналған кітап. «Эксперт Қазақстан» интернет-порталының рейтингісіне сәйкес, бұл туынды Қазақстан азаматтарының ұлттық санасына әсер ететін топ 100 кітаптың қатарына кірді. Бұл кітапты ағылшын тілінде басып шығару ‒ осы ғаламшарда тұратын кез-келген адамға қазақ халқының өзіндік тілі мен дәстүрлерін танытып, ұлттық болмысымызды әлемдік деңгейге шығаруды көздейді. Қазақстан қазіргі таңда  түрлі пайдалы қазбаларды өндіретін ел ретінде белгілі. Біздің спортшылар халықаралық жарыстардың тұғырларында көк туымызды көтеріп, ел мерейін асқақтатуда. Осы себепті де әлемдік аренада қазақ тіліне деген қызығушылық артып келеді.

Бұл кітап қазақ менталитетінің, ой-өрісінің, әлеуметтік иерархиясының, әдет пен дәстүрдің, жарқын рең мен этикет ережелерінің аспектілерін ашады. Кітапты басып шығару «Translators Group» компаниясы аударған материалды басып шығаруға дайындап, Алекс Варбтон аударылған мәтінді редакциялаған, ерлі-зайыпты Дина Жарова Бернбер мен Йохен Бербнердің демеушілігімен, сондай-ақ Раиса Кадер ханымның, «Steppe& World» баспасының қолдауымен жүзеге асты.

Айтулы шараға қатысуға барша журналистерді, БАҚ өкілдерін және жұртшылықты шақырамыз!