+7 (727) 267-28-83

Rhbdrjd

23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы А.Л. Кривков «ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы Орыс Православ кітабы» атты баяндамасымен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «XVII Халықаралық кітаптану оқулары» атты ғылыми конференциясының жұмысына қашықтықтан қатысты.

Толығырақ...  

китапшоу

Құрметті әріптестер, оқырмандар және кітапсүйер қауым!

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Сіздерді Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Толығырақ...  

филармония

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, «Халық алғысы» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, «SNECC entertainment» продюсерлік орталығының ұйымдастырушысы Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы келіп, кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесті. Кездесу барысында мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы сөз қозғалды.

Толығырақ...  

Жамбыл

ҚР Ұлттық кітапханасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл – Ұлы Дала ақыны" атты көрмені назарларыңызға ұсынады

Толығырақ...  

ФА

20 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры мен қызметкерлерінің қатысуымен Башқұртстан Республикасының Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапханасының құрылғанына 185 жыл толуына орай, Уфа қаласында онлайн-режимде "Аймақтың мәдени кеңістігіндегі кітапхана: дәстүрлер мен инновациялар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Толығырақ...  

караганда

19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.К.Бекпулатова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің кітапханашысы Н.Т.Матаевалар «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырған «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» тақырыбындағы ZOOM платформасында өткен семинарға қатысты.

Толығырақ...  

Безымянный15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова Екатеринбург қ. (Ресей) өткен «Этносаралық қатынастарды үйлестіру және ұлттық мәдениеттерді дамыту: кітапханалардың оң тәжірибесі» атты онлайн форматтағы Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Толығырақ...  

kr

9 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы Қырым Алтынбековтің "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының Тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Лұқпанова Яна Амангелдіқызымен кездесуі өтті.

Толығырақ...