+7 (727) 267-28-83

М.Б5 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С.Т. Жақсылықова Алматы қ. «№ 203 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жазушы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі бойынша «Отанды күзету» онлайн-квиз жұмысына қатысты.

Толығырақ...  

xtktyl

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Jerusalema Dance Chellenge би челленжіне қатысты.

#JerusalemaDanceChellenge

Бұл флешмобтың мақсаты - Ковид – 19 таралуынан зардап шеккен барлық жандарға қолдау көрсету және адамдарды бірлікке, бір-біріне көмектесуге шақыру. Сонымен қатар челленж 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.

Біз эстафетаны Қазақстан Республикасының барлық көпшілік кітапханаларына жолдаймыз!

 

Толығырақ...  

булкаговӘлем әдебиеті оқу залында орыс жазушысы және драматургы Михаил Булгаковтың 130 жылдығына арналған «Мистикалық сөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Толығырақ...  

ахмет жұбановӨнер бөлімінің оқу залында әйгілі қазақ композиторы, музыкатанушы, педогог, дирижер, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің халық әртісі, өнертану докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Өмірін  өнерімен  өрнектеген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

серәліӨнер бөлімінің оқу залында белгілі қазақ театр және кино актері, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Үшінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты Серәлі Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің Серкесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

cbh

28 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Новосибирск қаласында Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің (РҒА СБҒТББ) Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасының базасында онлайн-форматта өткен "Цифрлық мәдениеттегі библиографиялық ақпарат" III Халықаралық библиографиялық конгрессіне қатысты.

Толығырақ...  

Безымянный

Ораз Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қызметі аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне және  Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына арналған «Татулық - бірлік бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Иран

26 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында онлайн форматта ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мақсатында кітапхана директоры Б.Қ. Оспанова және шығыстанушы ғалым, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, парсы тілі мен әдебиеті Академиясының толық мүшесі Сафар Абдулло мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ашраф Бружерди ханыммен және Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани мырзамен кездесті.

Толығырақ...