+7 (727) 267-28-83

консервация

6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары онлайн форматта «Кітапхана қорларын жаппай зерттеуді ұйымдастырудың өзекті аспектілері: Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Толығырақ...  

a2f9b612 10d5 44b0 bf90 27c368f0c441

5 қыркүйекте Алматы қаласындағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және Қазақстан этностарының тілдері күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қазақ руханиятының көсемі» атты  көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

31621875 ed0f 4130 8f6d 212c03fa17eb

5 қыркүйекте Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында өткен қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы» атты конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

2қыр

2 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының қорына белгілі сазгер, ақын, жазушы, Кеңестік сауда саласының үздігі, Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Жақыбаев Базархан Төреханұлы өзінің «Қыз ұясы», «Қош бол, махаббат», «Ел шығыстан ауғанда», «Жаркентте жеті өзен, жеті арасан», «Тұлпардың тағдыры», «Жесірдің күні» атты кітаптарының бірнеше данасын сыйға тартты.

Толығырақ...  

генри

Әлем әдебиеті оқу залында американың әйгілі жазушысы О.Генридің туғанына 160 жыл толуына орай «Қысқа әңгіменің танымал шебері» атты кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

1қыр

1 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында және 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» және «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты тақырыпта жастармен кездесу кеші өтті.

Толығырақ...  

диссертацияС. Зиманов атындағы диссертациялар залында кандидаттық және докторлық диссертациялар мен авторефераттардың жаңа түскен басылымдарына көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

image 25 08 22 01 21 1

25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы жұмысының форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының қорытынды сабағы өтті.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024