- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 11 мамырда, сағ. 11.00-де Дін және дәстүр залында белгілі жырау, мәдениет қайраткері Сүйіндік Серіктің Жетісудың жыр өнерін дәріптеуге арналған «Өңірлік жыр мектебі – Ұлттық тәрбиенің тамыры» атты шығармашылық кездесуі өтеді.
- Подробности
- Автор: editor
3 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері кітапхананың құрметті ардагерлері, тыл еңбеккерлері – Меңдиярова Рая Марденқызы мен Любенко Евгения Осиповнаны алдағы 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Ардагерлер ұлттық кітапхана басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Кітапханашылардың ерлігі болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
- Подробности
- Автор: editor
27-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашылары Р.К. Мыспаева мен А.Қ. Мухарам кітапхана қызметкерлері мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттеріне арналған кәсіби әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына түсетін жаңа мерзімді басылымдар таныстырылды.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі, опера әншісі, драмалық актриса Күләш Бәйсейітованың 110 жылдығына арналған «Өнер бағының бұлбұлы – Күләш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
28 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті.
- Подробности
- Автор: editor
27 сәуірінде Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің мерейтойына орайластырылған «ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел және «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика» атты кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
26 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, журналист, ұстаз Айзат Рақыштың шығармашылығына арналған «Балалықтың соңғы күзі», «Жанарымнан танышы» атты прозалық кітаптарының тұсаукесері өтті.
Кітап шоу - 2024
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.