+7 (727) 267-28-83

«Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көп деңгейлі әлеуметтік мәдени институты» атты

туралы ақпарат  

2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.

Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, еліміздегі  кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың  қолжетімділігін  заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылаған кәсіби диалог алаңына айналды.

   Съезге 182 қазақстандық делегат, 15 шетелдік қатысушы, оның ішінде:

- АҚШ Конгресі кітапханасының түрік тілдері маманы М.И.Назарова;

- АҚШ, Индиана Университеті Уэллс кітапханасының қызметкері  Акрам Хабибулла;

- Түркия, Стамбул қ.  Сүлеймания кітапханасының қалпына келтіруші маманы Нил Байдар;

- Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры Дуда Вадим Валерьевич;

- Беларусь республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Мотульский Роман Степанович;

- Өзбекстан Ұлттық кітапханасының маманы Заитова Наргиза Сабировна;

- Тәжікстан Ұлттық кітапханасының маманы Муродов Човидон Курбоналиевич;

- Қырғызстан Ұлттық кітапханасының маманы Баймурзаева Нуржан Жумалиевна;

- Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасының ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры Жабко Елена Дмитриевна;

- Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасының лингвистикалық және бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Селиванова Юлия Геннадьевна;

- Ресей мемлекеттік кітапханасының орталықтандырылған каталогтау бөлімінің меңгерушісі, Каталогтау бойынша Аймақаралық кітапханалардың төрайымы Асеева Ирина Юрьевна;

- Ресей мемлекеттік кітапханасының қорларды толықтыру бөлімінің меңгерушісі Бадекина Ольга Аскольдовна;

- РҒА Бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институтының Методология бөлімі меңгерушісініңі орынбасары Антошкова Ольга Александровна;

- Ресей Ұлттық кітапханасының  ФЦКБФ қалпына келтіруші мамандары  Куликова Надежда Алексеевна, Зданевич Алина Александровна;

- ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғыным Сарықызы Әйтімова;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің заң қызметі департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызы Сеитова;

- «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші  орынбасарының кеңесшісі Әзиза Тимурқызы Шөжеева;

- БҰҰ  қоңамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек;

- ЮНЕСКО класстарлық бюросының бөлім жетекшісі  С.А. Карпов және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғарғы оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты. Атап айтқанда:

Ақмола облысынан - 10 делегат

Ақтөбе облысынан -8

Алматы облысынан -10

Атырау облысынан -9

Шығыс Қазақстан облысынан -17

Жамбыл облысынан -10

Батыс Қазақстан облысынан -13

Қарағанды облысынан -14

Қостанай облысынан -15

Қызылорда облысынан -13

Павлодар облысынан -12

Маңғыстау облысынан -7

Солтүстік Қазақстан облысынан -10

Түркістан облысынан -12

Астана қаласынан – 11

Алматы қаласынан -11.

Съезге қатысқан 182 делегаттың 123-і  көпшілік  кітапханалардан,  ғылыми-педагогикалық кітапхана жүйесінен - 30,  ғылыми-техникалық кітапханалардан - 6, Ұлттық кітапханалардан - 7, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардан – 16 делегат қатысты.

Сонымен қатар, съезге өңірлерден 175 қатысушы өз есебінен және  29 қоғам және мәдениет  қайраткерлері және т.б., жалпы саны 400 жуық адам қатысты.

Съезд аясында кітапхана директорларыныӊ отырысы, тақырыптық секциялық кездесулер, дөӊгелек үстелдер ұйымдастырылды, кітапхана саласыныӊ жетекші шетелдік мамандарыныӊ қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен және Ақмола облыстарыныӊ кітапхана қауымдастығымен онлайн-кездесу өткізілді.

Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі Ұлттық кітапхананың орталық алаңындағы ашық аспан астында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы қазақтың «Дала әуендері» және «Қазақ вальсі» ұлттық билерінен бастау алып, съезд делегаттары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Халқымыздың дәстүрі бойынша «Шашу» шашылып, кітапхана алаңынан орын алған Алматы қаласының кітап баспалары, кітап сатушы ұйымдарының Қазақстан баспа өнімдері көрме-жәрмеңкесі көпшілік назарына ұсынылды.

Қонақтар кітапхананың ішіне беттеп, тіркеу рәсімінен өтті. Фойеде «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен ақпараттық теледидардан ҚР Ұлттық кітапханасы туралы бейнероликтер көрсетілімі, қызыл кілемді жағалай тұрған ұлттық киімдегі «Салтанат» би ансамблінің бишілері, қолдарына жалауша ұстаған кітапхана жастары баршаның назарын аударды.

Қатысушылардың қалауы бойынша ғимараттың ішінде экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен қысқаша таныстырылу болды.

Бұдан әрі қатысушылар «Қазақстан кітапханалары әлеуметтік және цифрлық түрлену аясында» атты роллаптар, республика кітапханалары басылымдарының, жаңа ақпараттық-кітапханалық технологиялардың, тауарларлар мен қызметтердің көрмесін тамашалады.

Съезд делегаттары, қонақтар және барша қатысушылар «Еліміздегі кітапхана  желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны» тақырыбындағы пленарлық отырыста бас қосты.

Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, қонақтарға деген алғысын білдіріп, съездің күн тәртібін таныстырып, съезд делегаттар мандат бойыншы  дауыс беріп, көпшілік дауыспен съезд өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына ҚР МСМ, Парламент, «Нұр Отан» партиясы, Алматы қ. әкімшілігі, БҰҰ, ЮНЕСКО, ИФЛА президенті, шетелдік әріптестер, Жазушылар одағы, үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, қоғам және шығармашылық қайраткерлер құттықтау сөз алып, сәттілік тіледі.

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова мәдениет саласы, оның ішінде кітапханашылардың қызметіне қатысты талаптар заңмен үнемі толықтырылатындығын атап өтіп, кітапханалар қызметінің әзірге бір ғана баппен шектеліп отырғандығына тоқталды. Десе де, кітапханаға қатысты маңызды мәселелерді шешуге үкімет тарапынан тұрақты көңіл бөлініп келетнін тілге тиек ете отырып, алдағы уақытта кітапханаларға қажеттілік мәселесі мемлекеттік гранттар аясында жандана түсуі тиіс екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, кітапханалардың көбеюі еліміздің интеллектуалды деңгейінің артуына зор ықпал ететіні, заманауи технологиялар ғасырында әдеби мұрамызды сақтап қалу, сирек басылымдарды қалпына келтіру, көне қаріпте басылған баспа өнімдерін сыры мен сынын бұзбай келешек ұрпаққа жеткізу осы отырыстың басты тақырыбына айналды.

Кезекті құттықтау сөзбен сахна төріне шыққан ақын, әдебиеттанушы, дипломат, саяси және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері О. Сүлейменов Ұлттық кітапхананың барлық бастамаларына үнемі сәттілік тілеп, шақырту алған барлық іс-шараларда қасиетті шаңыраққа қуана бет алатынын атап өтті. Кітапхана әкімшілігі мен барлық қатысушыларды, әсіресе өзі табалдырығын жиі аттап, ғылыми жұмыспен айналысқан АҚШ Конгресі кітапханасының, Ресей мемлекеттік кітапханасының және т.б. басшыларды съездің ашылуымен шын жүректен құттықтады. 

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә. Дербісәлі кітапханалар сонау көне ғасырлардан бастау алатынын, әрі көптеген ғұламаларымыздың, оның ішінде әл-Фараби сияқты тұлғалардың ғылыми тұрғыдан дамуы кітапханалар қызметімен тығыз байланысты екендігіне тоқталды. Кітапханалардың өміршең болуы білімді, жарқын келешектің келбетінің жарын көрінісі, кітапхананың жаһандану ғасырында мәдени институт мәртебесін сақтауына қоғамның қосар үлесі зор екенін атап кетті.

Осы тұрғыда сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші  орынбасарының кеңесшісі Ә.Т.Шөжеева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры К.Қ.Сеитова, Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ.Есдәулет, Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры В.Дуда, Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Р.С.Мотульский, АҚШ Конгресі кітапханасының түрік тілдері маманы М.И.Назарова, ЮНЕСКО өкілдері кітапхана мен кітапханашының қоғамдағы рөліне қатысты маңызды жәйттарға қысқаша тоқтала келіп, осындай кітапхана саласына қатысты ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға қатысқандарын зор қуанышпен жеткізді.

Пленарлық отырыстың ең басты рәсімі Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің Халықаралық федерациясы (ИФЛА) Президенті – Глория Перес-Сальмеронның бейнеқұттықтауы болды.

Екі күнге жоспарланған съезд аясында саланың шешілуге тиісті көптеген мәселелері назарға алынып, кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны, кітапхана саласын дамыту, цифрландыру жүйесіндегі кітапханалар, арнайы кітапханаларды сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Съездің ресми бөлімінде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Ж.Сейдуманов Қазақстандағы кітапхана ісінің жағдайы туралы қысқаша баяндама жасады. Кітапхана директоры өз баяндамасында республика кітапханаларының қазіргі жағдайына, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына нақты тоқталып өтті.

Съезд делегаттары мен пленарлық отырыс қонақтары назарына ҚР кітапханаларының жұмысы туралы «Қазақстанның кітапханалық палитрасы» бейнефильмдер көрсетілімі ұсынылды.

Бұдан әрі Қазақстанның кітапхана мамандарын марапаттау рәсімі кезек алды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры К.Қ.Сеитова ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері: Г.Т.Нусипбекова,  Ф.К.Бектурбекова, Н.Т.Мусиндерді «Алғыс хатпен»,  Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.Қ.Қабиева да ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері:  А.Ш.Сайдембаева, Б.Ж.Быдышев, С.С.Ботабаевтарды, ал ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітап қорын сақтау қызметінің жетекшісі Ж.К.Мұқатаева Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Д.Т. Дүйсебаева мен  Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры  Н.А.Мырзамұратованы «Құрмет грамотасымен»  марапаттады.

ҚР  Білім және ғылым министрлігі атынан  ҚР БҒМ республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы директоры Ә.А. Насырова  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапхана-сының директоры Т.Е.Әлімбекерованы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Ж.Белғожаеваны, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-техникалық кітапханасының директоры Ж.Ә.Әбеноваға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен  марапаттады.

Съезд қатысушылары, әсіресе шетелдік қонақтар танымал қазақстандық әншілердің, Қуыршақ театрының өнерін тамашалап, ұлттық аспап Жетіген мен Қобыздың үніне тәнті болды. 

Түскі астан кейін съезд делегаттары мен қонақтар «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосты. Дөңгелек үстелде:

Әйтімова Б.С., ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы;

Сеитова К.К., ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры;

Дуда В.В., Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры;

Мотульский Р.С., Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры;

Жабко Е.Д., Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры;

Урмурзина К.Г., «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ президенті бірқатар көкейтесті мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер мен кітапхана саласының келешектегі даму стратегиясы жөнінде нақты ұсыныстар қабылдау жөнінде сөз қозғады.

Съезд жұмысы мазмұнды бес секция бойынша жүргізілді:

Бірінші секция

«Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар»

 Секция отырысының модераторлары: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Оспанова Б.К., Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасының ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры Жабко Е.Д.  

Искалиева Н.А., Қазақстан Республикасы Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісінің «Цифрландыру – жаһандық сын және /немесе қазақстандық кітапханалар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты баяндамасы.

Жабко Е.Д., Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасының ақпараттық ресурстар жөніндегі директорының «Кітапханаларда сандық топтама қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» атты баяндамасы.

Асеева И.Ю., каталогтар жүйесін басқару бастығы, Ресей мемлекеттік кітапханасының орталықтандырылған каталогтау бөлімінің меңгерушісі, Каталогтау бойынша Аймақаралық кітапханалардың төрағасының (АМКК) «Цифрлық технология кезеңіндегі каталогтаудың халықаралық, мемлекетаралық және ресейлік ұлттық стандарты» атты баяндамасы.

Соловьева И.В., «Республикалық ғылыми техникалық кітапхана» АҚ вице-президентінің «Кітапханалық-ақпараттық қызметті цифрландыру» атты баяндамасы.

Шахметова Ш.Б., С.Торайғыров атындағы «Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ жетекішісінің «Павлодар облысы кітапханалары қызметінің цифрлық көрсеткіші» атты баяндамасы.

Асанова Г.Ж., Таран аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі директорының «Цифрландыру – заман талабының бір бағыты» атты баяндамасы.

Антошкова О.А., РҒАБүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институты Әдіснама бөлімі меңгерушісі орынбасарының «Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету саласындағы стандарттау. «СИБИД. Әмбебап ондық жіктеу. Құрылымы, енгізу және индекстеу тәртібі» Ресейлік ұлттық стандартты таныстыруы.

Селиванова Ю.Г., Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасының лингвистикалық және бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз ету бөлімі басшысының «Президент кітапханасының дәстүрлі каталогизатордан цифрлыққа көшу тәжірибелері» атты баяндамасы.

Рамазанова Н.Қ., М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімі меңгерушісінің «Цифрлық кітапхана-заманауи білімнің негізі» атты баяндамасы.

Сәйдембаева Ә.Ш., ҚР Ұлттық кітапханасы Ұлттық библиография қызметі жетекшісінің «Жеке авторлардың авторитеттік жазбасының біріңғай ұлттық дерекқорын құру туралы ҚР Ұлттық кітапханасының жобасы» атты баяндамасы тыңдалды.

Екінші секция

«Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық»

Секция отырысының модераторы: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Юсупова А.Х.

1.    Дуда В.В.,  Ресей ұлттық кітапханасы бас директорының (Ресей) «Қоғамға осындай кітапханалар керек. Кітапханадағы ішкі жағдай. «Шетел кітапханалары» атты баяндамасы.

2.    Мотульский Р.С., Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының «Тарихи-мәдени мұралар, ұлттық жәдігерлер және кітап мәдениетін сақтауда заманауй технологияларды пайдалану» атты баяндамасы.

3.    Дүйсебаева Д.Т., Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының «Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде Қостанай облысы кітапханаларының құжаттық мұрасын сақтау» атты баяндамасы.

4.    Зингер Р.Т., Павлодар облысының Ақсу қаласы ОКЖ директорының «Коворкинг орталық ауыл кітапханалары жұмысының жаңа пішіні ретінде» атты баяндамасы.

5.  Бөрібаева Қ.Б., Арқалық қаласындағы № 2 Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының «Кітап-рухани жаңғыру құралы» атты баяндамасы.

6.    Александренко Л.А., Рудный қаласы ОКЖ директорының  «Дәстүр және жаңашылдық синтезі. Әлеуметтік-мәдени өсу контекстіндегі Рудный қаласының кітапханалық тәжірибесі» атты баяндамасы.

7.    Айдарбекова К.С., «Отырар» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының «Кітапханаға құштарлық. Бүгінгі оқырманды немен қызықтыруға болады? ХХІ ғасыр кітапханасы-жаңа қоғамдық сананы жүзеге асырушы» атты баяндамасы.  

8.    Тұяқова С.Т., ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісінің «Халықаралық ынтымақтастық – кітапханаларды дамыту бағыты» атты баяндамасы тыңдалды.

 

Үшінші секция

«Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі

 

Секция отырысының модераторы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ғылыми-әдістемелік бөлімшесінің жетекшісі Емишова А.Б.

1. Насырова А.Ә., ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы директорының «Тәрбие және білім»: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы кітапханалардың рөлі» атты баяндамасы.

2. Елеусізова Ә.М., Ақтөбе облысы Хромтау қаласының №6 гимназиясы кітапханасы меңгерушісінің «Оқушыларды оқуға тартудың жаңа түрлері мен әдістері» атты баяндамасы.

3. Ахметова А.Н.,  Алматы облысының Қапшағай қаласы № 4 орта мектеп кітапханасы меңгерушісінің «Қызығушылықтан оқуға – оқушылардың рухани-адамгершілік болмысына» атты баяндамасы.

4. Махшар А., Астана қаласының № 48 мектеп-лицейі кітапханасы меңгерушісінің «Оқушылардың кітап оқуы: олардың сұраныстарын толыққанды қамтамасыз ету мәселелері» атты баяндамасы.

5. Ахатова М.Қ., Атырау облысының Мақат технологиялық мұнай және газ колледжі кітапханасы меңгерушісінің «Кітапхана – колледждің ақпараттық орталығы» атты баяндамасы.

6. Асанова К.А., Түркістан облысының Сарыағаш ауданы М.Ломоносов атындағы №3 орта мектеп кітапханасы меңгерушісінің «Мектеп кітапханалары бүгінде: оқытамыз, тәрбиелейміз, оқырмандардың мүдделерін қалыптастырамыз» атты баяндамасы.

7. Шоменбаева С.С., Қарағанды политехникалық колледжі кітапханасы меңгерушісінің «Колледж кітапханаларының келешек мамандарды даярлаудағы цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануы атты баяндамасы.

8. Кабдуллина А., Ақтау технологиялық сервис колледжі кітапханашысының «Колледж кітапханаларының жұмысына заманауи технологияларды енгізу» атты баяндамасы.

9. Танысхожаева Г.Б., Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп кітапханасы меңгерушісінің «Кітапқа деген қызығушылықты ояту арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» атты баяндамасы.

10. Қасымова Р.С., М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі кітапханасы меңгерушісінің «Колледж кітапханасы және кітап оқу: мәселелер, жаңа тәсілдер, даму перспективалары» атты баяндамасы тыңдалды.

Төртінші секция

«Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру»

 

Секция отырысының модераторы: Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Сәрсенбаева Б.Ш.

Сондай-ақ, Сәрсенбаева Б.Ш. Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен таныстырды.

1.       Куликова Н.А., ФЦКБФ – РҰК, СПб, Ресей  «Фиркович жинаған шығыс қолжазбаларын машина әдімен қайта қалпына келтіру» атты баяндамасы.

2.  Зданевич А.А., ФЦКБФ – РҰК, СПб,  Ресей «Кітаптар мен қолжазбаларды машина әдісімен қайта қалпына келтірудің таныстырылымы»

3.  Юсупова А.Х., ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары ИФЛА/ПАК Аймақтық орталығының жұмыстары мен жоспарларын талқылау.

 

Бесінші секция

«Қазақстанның арнайы кітапханаларын цифрлық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту»

 

Секция отырысының модераторы: «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық кітапханасы» РММ директоры Байұзақов А.Қ.

1.  Ізбасарова Д.Ж., «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ қызметкері «Қазақстан Республикасы арнайы кітапханаларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» жаңартылған нұсқасының тұсаукесері (АИС-СБ РК);

2.  Әшімбаева Э.Ж.,  «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ жетекші инженер-программисі.

3.   Жұмабеков М.Т., «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ  директоры орынбасарының «Брайль қазақ шрифтінің латын әліпбиіне көшу  мәселелері» атты баяндамасы.

4.  Рогаткина Т.Ю.,  «Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру» бөлімі жетекшісінің «Цифрлық кезеңдегі ЗНКААРК қоры: дәстүрлі және электронды ресурстар, кітап қорын толықтыру, пайдалану» атты баяндамасы тыңдалып, отырыстың жалғасы пікіралмасуға ұласты.

 

14 қыркүйек күні съезд жұмысы төмендегі мазмұнда жалғасын тапты:

Астана қаласы кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесу

Е.Тұрсынов кинозалында съезд делегаттары мен қонақтар Астана қаласы  кітапхана қауымдастығымен Астана қаласының  20 жылдық меретойына және Қазақстан астанасындағы кітапхана ісінің дамуына арналған онлайн-кездесуге қатысып, жас бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады.

Онлайн-кездесу барысында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Д.Мұңалбаева кітапхана ұжымының атынан  Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін өткізіп отырған ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігі мен әріптестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, жауап ретінде ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова ұжымның атынан өз алғысын білдіріп, Астана қаласынындағы әріптестерге ынтымақтастық жолында сәттіліктер мен жетістіктер тіледі. Еліміздің екі бірдей бас кітапханасының арасында өткен онлайн-кездесуден көрермендер үлкен әсер алды

 

ҚР кітапханалары басшыларына арналған семинар

ҚР кітапханалары басшыларына арналған семинар модераторы  ҚР ҰК директорының ғылым жөніндегі орынбасары Юсупова А.Х.

Карпов С.А, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросы коммуникация және ақпарат бөлімінің жетекшісі «Әлеуметтік медиа мектебі. Ақпаратқа ашық қолжетімділік» атты баяндамасымен таныстырды.        

 Сейдуманов Ж.Т., ҚР Ұлттық кітапханасының директоры «Қазақстанның кітапхана қорын цифрландыру», «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігі туралы сөз алды.

             Сондай-ақ, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана – жастардың интеллектуалдық демалу орталығы» атты балалар, жасөспірімдер және мектеп кітапханаларының мамандарына арналған көшпелі семинар өтті. Семинарды Алматы қаласының ОКЖ директоры Кабиева Р.К.,  Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы меңгерушісінің м.а. Нұрғалиева Г.К. жүргізді.

«Кітапханаға қалай өтуге болады?  Кітапханаларды қайта жаңарту туралы қала тұрғындары не ойлайды?» атты жобаның тұсаукесерімен «Еуразиялық мәдениет альянсы» ҚБ директорының Ольга Веселова таныстырды.

Шара Н.Дәулетова атындағы көрмелер залында «До сих пор больно...» кітабының тұсаукесеріне ұласты. Кітап алматылық-кәмелетке толмаған фашизм тұтқындарының естеліктері туралы. Баженова И.А., апта сайынғы «Время» газеті редакторының орынбасары. Ардагерлер, журналистер мен газет оқырмандары сөз сөйлеп, осы тақырыпта жан тебірентерлік әңгіме қозғады.

Бұдан әрі съезд жұмысы республика кітапханаларына кітаптар сыйға тарту рәсіміне жалғасы.

 

«Қазақстандық кітапханалардың кітапхана қорларын қалыптастыру, біріңғай жіктеу, каталогтау және авторитеттік файлдар»

атты тренинг

Тренинг модераторлары:

Асеева И.Ю., каталогтар жүйесін басқару, Ресей мемлекеттік кітапханасының орталықтандырылған каталогтау  бөлімінің меңгерушісі, Каталогтау бойынша аймақаралық комитет төрағасы. 

Бадекина О.А.,  Ресей мемлекеттік кітапханасы қорларды  толықтыру бөлімінің меңгерушісі.

- Кітапхана қорларын қалыптастыру: кеше, бүгін, ертең...; 

- Дәстүрлі және электронды ресурстарды толықтыру және есебі (қашықтан қолжетімділік  ресурстарының есебі);

- Кітапхана қорларын пайдалану және есепке алу бойынша  нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындау;

- Кітапханалық статистика: комплектатордың есептілік нысаны.

РМК қорларының ағымдағы толығуын орталықтандырылған машинамен оқитын каталогтау (техникалық кітапханалық өңдеу, библиографиялық сипаттама, қолжетімділік нүктесі және индекстеу):

 

-  Қағаз түріндегі мәтіндік құжаттар ­– кітаптар және орыс тіліндегі және РФ басқа тілдеріндегі, шетел европа тілдеріндегі жалғаспалы басылымдар ( 1831 ж. бастап);

-  Электронды тасымалдағыштардағы  мәтіндік құжаттар (тікелей және қашықтан қолжетімділік);

-   Музыкалық мазмұндағы аудиожазбаларды қоспағанда, оптикалық дискілердегі аудиожазбалар;

-  Бейнелеу, картографиялық және музыкалық мазмұндағыдан бейнежазбаларды қоспағанда, өзге оптикалық дискілердегі бейнежазбалар.

Антошкова О.А., РҒА Бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институтының Әдіснама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

- ӘОЖ-дегі жаңалықтар: перспективалар және оларды қолдану;

- ӘОЖ бойынша  Бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институтының ғылыми-ақпараттық және баспа қызметі;

- УДК дерекқоры негізінде тәжірибелік сабақтар.

 

Ғылыми және жоғарғы оқу орындары кітапханаларының

мамандарына арналған

«ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи үрдісі»

атты дөңгелек үстел

 

Насырова А.А., ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының  директоры.

Аманова А.С., ҚР БҒМ РҒПК директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Акрам Хабибулла,  АҚШ-тың Индиана университеті кітапханасының Таяу Шығыс, Орталық Еуразия және исламдық зерттеулер библиографы.

ҚР кітапханалары директорлары мен мамандары ғылыми және жоғарғы оқу орындары кітапханаларындағы қазіргі таңда орын алып отырған түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын талқыға салды.   

«Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру»

 

1.  Нил Байдар, Стамбул, Түркия «Түркиядағы қолжазбаларды сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша зерттеулер» тақырыбында шеберлік сабағы.

2.  Заитова Н.С.,  Ташкент қ., Өзбекстан. «Өзбекстан Ұлттық кітапханасының қолжазбалар қоры және айрықша құнды басылымдар қызметінің негізгі бағыттары» атты баяндамасы.

3.  Баймұрзаева Н.Ж.,  Бішкек қ. Қырғызстан «Қырғызстан Ұлттық кітапханасы: болашаққа бағдар» атты баяндамасы.

4.  Муродов Д.К., г.Душанбе, Тәжікстан «Тәжікстан Ұлттық кітапханасындағы кітапхана қорын сақтау жұмыстары» атты баяндамасы.

5.  Быдышев Б.Ж., Ботабеков С.С., Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің қалпына келтіруші маманы «Жамбыл Жабаевтың кітабын жөндеу және тері құты дайындау».

 

«Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту «ҚР арнаулы кітапханаларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі»

атты семинар

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық кітапханасы» РММ директоры Байұзақов А.Қ. және ҚР кітапханаларының директорлары мен мамандары республикадағы осындай арнаулы кітапханалардың түрлі мәселелері мен қазіргі жағдайы туралы сөз қозғап, өзара пікіралмасты.

Съезд жұмысы бойынша дайындалған бейнеролик көрсетілімімен съезд өз жұмысын жабық деп жариялады.

Съезд резолюциясын талқылау және қабылдау.

Сөз алғандар:

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Сейдуманов Ж.Т. және ҚР ҰК директорының ғылым жөніндегі орынбасары Юсупова А.Х. сөз сөйлеп съезд жұмысын қорытындылады. Барша делегаттар мен қонақтарға, сондай-ақ, өз есебімен келген қатысушыларға үлкен алғыстарын білдіре отырып, еңбектеріне зор табыс, шығармашылық ізденістер мен сәттіліктер тіледі.

Мәдени бағдарлама аясында танымал қазақстандық режиссер, сценарийші, публицист, ҚР кинематографистер одағы басқармасының төрағасы Е.Тұрсыновпен кездесу өтіп, кездесуге қатысушылар өздерін толғандырып жүрген кино саласындағы мәселелер төңірегінде режиссерге сауалдарын қойды.

Сайтта

Қазір сайтта 162 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.