+7 (727) 267-28-83

«Қазақстан кітаптары» қызметі

«Қазақстан кітаптары» қызметі екі оқу залдарын құрайды:

 - «Қазақстан кітаптары» оқу залы;

 - Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу зал.

1. «Қазақстан кітаптары» оқу залында жиі сұранысқа ие Қазақстан туралы барлық білім саласы бойынша шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар орналасқан. Оқырмандар үшін көркем және салалық әдебиетке, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар сериясына, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийінің құжаттарына анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер және басқа да басылымдарға ашық қор ұйымдастырылған. 2016 жылы Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов пен белгілі қазақстандық жазушы Г.К.Бельгерге мемориалдық кабинеттер ашылды. Оқу залында тұрақты түрде тақырыптық және жаңа басылымдар көрмелері ұсынылады.

- Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорында ҚР Ұлттық кітапханасының жалпы қорынан алынған және Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының материалдарынан ашық қор көрмесі көрсетіледі. Депозитарий қорында тарих, мәдениет және өнер, салт-дәстүрлері мен этникааралық қатынастар және қазақстандық авторларының көркем әдебиеттері, сонымен қатар Қазақстан этносы мерзімді басылымдар беттерінде ұсынылған. Топтамада Қазақстан аймағындағы көп ұлтты халықтардың тарихы мен бүгіні, қоңыс аудару үдерісі, оларды жергілікті жерлерге орналастыру, рухани мәдениетінің дамуы, салт-дәстүрлері, өнері, ғылыми еңбектері, сондай-ақ этносаралық және конфессиоаралық қарым-қатынас жөнінде зерттеу материалдарымен таныстырады. Көрмеге Г.Бельгер, И.Шухов, И.Щеголихин, В. Владимиров және т.б. қазақстандық белгілі жазушылардың шығармалары қойылған.

- Мемориалдық кабинеттердің ашылу мақсаты − қазақстандық танымал халық жазушыларының және Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан үшін көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Кабинет қызметінің негізгі мақсаты қазақстандық көрнекті қайраткерінің есімі мен шығармашылығын қоғамға, ашық қолжетімділікте әдебиеттер қорын, альбомдарды, суреттерді, оның жеке топтамалары мен жәдігерлерін орналастыру арқылы насихаттау бойынша кітапханалық-ақпараттық жұмыс кешенін жүзеге асыру болып табылады.

2.    Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған, жұмыс және оқу үшін барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Жалпыға ортақ пайдалану үшін ашық қорда Ө.Сұлтанғазиннің жеке кітапханасынан ғылыми еңбектері, монография және мақалалары, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қызметі туралы фотосуреттер жиынтығы ұсынылған. Залда оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетіледі. Оқырмандар үшін анықтамалық кітаптарға, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама бойынша шыққан кітаптарға, толықмәтінді ғылыми мәліметтер дерекқорларына, Интернетке, көшірмеге, кітапхананның электронды каталогына және Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялар электронды кітапханасына қолжетімдік. Жүйелі түрде тақырыптық көрмелер мен жаңа басылыдарға көрмелер ұйымдастырылады.

Байланыс тел.: (727) 272-30-31 
е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Мемориалдық кабинет

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов пен белгілі қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің мемориалдық кабинеттері ашылды.

Мемориалдық кабинеттердің ашылу мақсаты – қазақстандық танымал халық жазушыларының және Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан және оның беделін әлемдік деңгейге көтерген көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Кабинеттердің негізгі қызметі – қазақстандық көрнекті қайраткерлердің есімі мен шығармашылығын, ашық қолжетімділікте әдебиеттер қорын, альбомдарды, суреттерді, оның жеке топтамалары мен жәдігерлерін орналастыру арқылы насихаттау бойынша кітапханалық-ақпараттық жұмыс кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Мемориалдық кабинеттердің жұмыс аясында тақырыптық кітап көрмелері, экскурсиялар, шығармашылық кештер, байқаулар, дауыстап оқулары және т.б. іс-шаралар өткізіледі.

Байланыс тел.: +7-727-272-31-30

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Латын әліпбиін үйрену орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында Латын әліпбиін үйрену орталығы құрылды. Орталық қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшірудің бүкіл кезеңіне ақпараттық-кеңестік көмек көрсетеді, латын әліпбиін таныстыру және таратуға бағытталған іс-шараларын өткізеді, тілтанушы ғалымдарды тарту арқылы латын әліпбиін зерделеу курстарын ұйымдастырады, жаңа әліпбиді насихаттау және алға жылжыту бойынша бірлескен мәдени-көпшілік іс-шараларды, кітап көрмелерін және т.б. ұйымдастырады.

Сабақтар замануи ақпараттық және интернет-технологияларды пайдалана отырып кесте бойынша өткізіледі.

 Байланыс тел.: +7-727-272-31-30

 e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әлем әдебиеті қызметі

Әлем әдебиеті қызметі әлемнің 120-дан астам тілдерінде басылымдарын ұсынады. Оқырмандар игілігіне ашық кор ұйымдастырылған. Ашық қорда барлық білім салалары бойынша әдебиеттер, қазақстандық жазушылардың шет тіліндегі аудармалары, шетел және орыс әдебиеттері классиктерінің орыс тіліндегі еңбектері, әлем тілдеріндегі анықтамалық әдебиеттер және мерзімді басылымдар ұсынылған. Оқырмандар үшін «РАБИС. Іздеу және тапсырыс» модулі орнатылған, әр түрлі электрондық тасымалдағыштардағы аудиовизуалды фильмдер көруге мүмкіншілік жасалған. Залда әлемдік ағылшын тіліндегі ғылыми журналдардың «ЕBSCO» дерек қорына қолжетімділік бар. 
Бөлімнің оқырман залында Шет елдердің (РесейИранПәкістанҮндістанТүркия, Қытай) кітап бұрыштары ұйымдастырылған. Кітап бұрыштарының мақсаттары – мемлекеттердің ұлттық мәдениеті мен әдебиетін насихаттау және ақпараттандыру. Насихаттау барысында мәдени іс-шаралар өткізу. Әр мемлекеттің кітап бұрышында сол елдің тіліндегі қосалқы қоры бар. Иран, Пәкістан, Түркия елдерінің халық шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылған. 
Әлем әдебиеті бөлімінде Даму жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істейді. Ақпараттық даму орталығының міндеті – Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. 
Орталық ҚР Ұлттық кітапханасының халықаралық ұйымдармен – Дүниежүзілік банкОрталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаментіЕуразия даму банкіИслам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестігі нәтижесінде құрылды.

   Байланыс тел.: +7(727) 267-28-48, 
   e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Өнер бөлімі

Өнер бөлімі қорында өнер, кескіндеме, сызба өнері, мүсін және сәулет өнері, қолөнер, музыка, театр, кино, би өнері және т.б. жайлы кітаптар, сондай-ақ, 50 мың нота басылымдары мен 19,3 мың күйтабақ бар. Фонотекадағы күйтабақ саны – 3,5 мың, олардың арасында қазақ музыкасының аса құнды жазбалары: Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Жаяу Мұса, Ақан Сері, Мәди шығармалары, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, Қанабек Байсейітов, Жүсіпбек Елебеков, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалардың және т.б. дауыстары сақталған. 
Зал әуен тыңдауға арналған жеке кабиналармен, музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнауға арналған бөлмелермен жабдықталған. Студияда суреттердің, мәтіндердің сандық көшірмелерінің электрондық мұрағатын қалыптастыру, интерактивті мультимедиялық альбомдар шығару жұмыстары жүргізіледі. Кітапханада «Қазақстанның музыкалық мұрасы» (үш тілде), «Астана ­– арман қала», т.б. мультимедиялық басылымдар жасалған.

Байланыс тел.: (7272)67- 28-67, 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мерзімді басылымдар қызметі

Мерзімді басылымдар қызметі кітапхананың оқырмандарын қазақстандық және ресейлік мерзімді және жалғасты басылымдармен қамтамасыз етеді. 
Оқырмандарға екі тәртіпте қызмет көрсетіледі: 
- оқырмандарға қажетті  мерзімді басылымдарды өз еркімен іздеуге  және таңдауға ашық қол жетімділік;
- қорларды сақтау қорынан тапсырыстар орындау.
Ашық қорда қарау және  өз бетімен  жұмыс атқару үшін ашық қолжетімділікте соңғы бес жылдағы 2500 – ден астам газет тігіндісі және  20500 журналдар   қамтылған.
Оқу залында тұрақты  тақырыптық  көрмесі және жаңа түскен басылымдар көрмесі ұйымдастырылған.

   Қызметтер:
- Оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
- Мерзімді  және  жалғасты басылымдарға тапсырыстар орындау;
- Оқырмандардың ауызша  және  жазбаша түскен анықтамаларды орындау;
- Ғаламторға қол жетімділік.

Байланыс тел.: (727) - 267-28-51 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі төмендегідей жұмыстар атқарады: 
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету; 
- дәстүрлі карточкалы каталогтарды қалыптастыру және жүргізу; 
- ұлттық кітапхананың РАБИС жүйесіндегі электрондық каталогының «Ізденіс-Тапсырыс» модулі арқылы оқырмандардың сұранысын іздеу және тапсырыс беру жұмыстары бойынша кеңес беру; 
- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, библиографиялық сұраныстарды орындау; 
- оқырмандарға анықтама-библиографиялық дереккөздерін ұсыну.

Қызметтің  ашық қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 31 мың анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық басылымдар ұсынылған. Қорда ҚР Ұлттық Кітап палатасының басылымдары – газет, журнал мақалаларының шежірелері, «Казахстаника», сонымен қатар ВИНИТИ, ИНИОН РАН Ресей ақпараттық-библиографиялық орталықтарының басылымдары бар. Кітапхана 2007 жылдан бастап жаратылыстану және техника ғылымдары бойынша ВИНИТИ рефераттық журналдарының электрондық нұсқасын алып отырады. Интернет қызметіне, Wi-Fi жүйесіне, білімнің барлық салалары бойынша  CD, DVD-дегі электрондық басылымдарға, «Параграф», «Эталон» атты Қазақстан республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарының, EBSCO әлемдік  ақпараттық ресурстарының толықмәтінді электрондық дерекқорларына қолжетімділік ұйымдастырылған.

Байланыс тел.: (7272)67-28-62 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кітап және кітапхана ісін талдау және статистика бөлімі

Мұнай және газ ақпараттық ресурстарының мамандандырылған залы қызығушылық аясы Мұнай және газ салаларымен байланысты оқырмандарға қызмет көрсетуге арналған. Мұнда жаңа кітаптар, мерзімді басылымдар, толықмәтінді мәліметтер базасына, Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Байланыс тел.: (727) 267-28-71,

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

   Кітапханатану залы

«Кітапханатану» оқу залының қоры кітапхана ісі және библиография саласы бойынша жинақталған республикадағы бірегей қор болып саналады. 
«Кітапханатану» залы кітапхана ісі бойынша мамандандырылған оқу залы ретінде белгілі кітапханатанушылардың ғылыми еңбектерін, кітапхана саласының барлық қызметтік бағыттары жөнінде жарияланған басылымдарды қамтиды. Оқу залының қорында қазіргі уақытта 7000-ға жуық отандық және шетелдік басылымдармен қатар төмендегі бағыттар бойынша әдебиеттер жинақталған: 
· Кітапханалар тарихы 
· Кітапханалық заңнамалық құжаттар 
· Кітапхана қорлары мен каталогтары 
· Кітапхана үрдістерін автоматтандыру 
· Электрондық ресурстар және ақпараттық - кітапханалық қызмет көрсету 
· Баспа ісі және баспа нарығы 
· Кітапхана саласының ғылыми-зерттеу жұмыстары 
· Кітапханалық менеджмент және маркетинг 
· Кітапхана ісі бойынша конференциялар мен кеңестер материалдары 
·  Кітапханалық этика мен әдеп туралы 
Оқырмандар үшін «Кітапхана ісі» Дерек қоры жүргізіледі.

   Оқу залында: 
- «Қазақстан кітапханаларының тынысы», 
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басылымдары», 
- «Жаңа басылымдар» атты көрмелер тұрақты жұмыс істейді.

Байланыс тел.: (7272)67-28-72 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметі

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында қазақ, шығыс, орыс, европа тілдеріндегі жазба жәдігерліктер бар. Қор 30 мыңнан астам құжаттан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астамы қолжазбалар (қазақ, орыс, шығыс тілдерінде), қазақ кітаптарының топтамасы, Қазақстан жайлы еңбектер, Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары, шығыс баспа кітаптары, орыс кітаптары, Европаның көне баспа кітаптары, микрофильмдер, кітаптардың электрондық көшірмелері болып табылады. 
Қорда сақталған қолжазбалардың ішінде куфа жазуымен жазылған «Құран» (ХII ғ.), Фирдоусидің шағатай тіліндегі «Шахнамесі» (1721-1723жж.), ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Халықаралық тізіміне енгізілген Қ.А.Ясауи мен С.Бақырғанидың жазба мұралары аса құнды деп саналады.  
Сирек кездесетін баспа кітаптар қатарында қазақ әдебиеті классиктерінің, қазақ ағартушыларының көзі тірісінде жарық көрген еңбектері бар. Шығыс халықтары кітаптарының топтамасы 2 мыңға жуық. Қорда Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары –  «Туркестанские областные ведомости» (1879-1917 жж.), «Қазақ» (1913-1918 жж.), «Еңбекші қазақ» (1923-1932 жж.), және т.б. газеттер мен «Айқап» (1911-1917 жж.), «Абай» (1918 ж.), «Шолпан» (1922 ж.) т.б. журналдар сақталған.

Байланыс тел.: (7272) 67-28-55 
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Диссертациялар бөлімі

Диссертациялар бөлімі қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 62 000  данадан  астам Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертацияларының бірегей ғылыми  қоры  жинақталған,  соның ішінде  37000-нан астамы диссертациялардың  микрофишалары болып табылады.

   Сонымен қатар оқырмандарға: 
- Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының ағымдағы жылдағы авторефераттары; 
- Қазақстан Республикасы  диссертацияларының дәстүрлі (1982 ж. бастап) және  электронды каталогы (1992 ж. бастап); 
- Ресей ғалымдарының СD, DVD форматындағы диссертациялары; 
- 2000 жылдан бергі  Қазақстан және Ресей ғалымдарының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының реферативтік жинақтары; 
- Ресей Мемлекеттік кітапханасының Диссертациялық электронды кітапханасында жинақталған Ресей ғалымдарының 760 000 данаға жуық диссертациялары мен авторефераттарының толық мәтіндерін on-line желiciнде қарап шығу мүмкіндігі ұсынылады.

    Оқырмандарға көрсетілетін қызметтер: 
-  диссертациялар қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы электронды каталогы және РМК Электронды диссертациялар кітапханасы қоры бойынша ақпараттық қызметтер көрсету; 
-  тақырыптық сұранымдар бойынша ауызша анықтамалар беру; 
-  дәстүрлі және электронды каталогтарды қолдану жөнінде кеңес беру; 
-  микрофишаларды оқуға арналған құрылғылармен қамтамасыз ету; 
-  деректер базасы мен өзге де дереккөздер бойынша техникалық қызметтер көрсету (көшірме жасау, басып шығару).

Байланыс тел.: (7272)72-57-09, 72-16-03 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметі

Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінде көркем безендірілген кітап көрмелері, күнтізбелік, тақырыптық және көшпелі көрмелер ұйымдастырылады, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өткізіледі, танымал тұлғалармен кездесулер, әдеби және музыкалық кештер, семинарлар ұйымдастырылады. 

Байланыс тел.: (7272)67-28-66 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 
 



Сайтта

Қазір сайтта 254 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.