+7 (727) 267-28-83

клара гл

2024 жыл 25 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Қамия Қадай танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Хафизова Клара Шайсұлтанқызының 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жетекшілік ететін ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві.

Конференцияның мақсаты – Хафизова Клара Шайсұлтанқызының еңбектері аясында халықаралық қатынастар, оның ішінде Орталық Азия және көршілес өңірлердегі тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық, этносаралық және басқа да байланыстар мәселелері бойынша білім алмасу, оның қазақстандық қытайтануға қосқан үлесін талдау, мәдениетаралық және ғылыми диалог негізінде халықтар мәдениеттерін жақындастырудың келешегі мен жолдарын анықтау.

Іс-шарада ҚР Президентінің кеңесшісі М.Н. Отарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Қамия Қадай «Белгілі қытайтанушы К.Ш.Хафизованың ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы еңбектері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, РҒА Шығыстану институты директорының орынбасары В.Ц.Головачев, Өзбекстан ҒА Шығыстану институтының меңгерушісі А.Х.Ходжаев пен Токио университетінің доценті Джин Нода және басқа да көптеген қазақстандық, шетелдік (Жапония, Қытай, Ресей, Өзбекстан)  ғалымдар баяндама оқыды.

клара4   клара1   клара3

 

Кітап шоу - 2024