+7 (727) 267-28-83

якут гл2024 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «УКРЕПЛЕНИЕ ЯКУТСКО-КАЗАХСКИХ ЛИТЕРАТУРНЫХ СВЯЗЕЙ» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның модераторы - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Қуантайұлы болды.

Шарада қазақстандық ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлықбек Есдәулет; ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан; Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, публицист, журналист Жұмаш Кенебай және тағы басқа зиялы қауым өкілдері Саха Республикасының (Якутия) әдебиеті мен мәдениетіне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге Саха Республикасынан (Якутия) келген жазушылар делегациясы: Саха Республикасы (Якутия) Үкіметі төрағасының орынбасары – Семенов Анатолий Аскалонович; Саха Республикасының (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрі – Ноев Афанаси Иванович; Саха Республикасының халық жазушысы - Лугинов Николай Алексеевич; Якутияның халық ақыны, Ойунский атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Харлампиева Наталья Ивановна; ақын, публицист, «Чолбон»

журналының бас редакторы, Якутия Жазушылар одағының төрағасы - Андросов Гаврил Гаврильевич; ақын, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, «Алта» баспасының директоры - Архипова Зинаида Архиповна; прозашы, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, «Чолбон» журналы бас редакторының орынбасары - Макеев Данил Николаевич; Саха Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, аудармашы, публицист, «Айяр» баспасы директорының орынбасары - Валерий Луковцев- Джурустан екі ел арасындағы берік ынтымақтастыққа тоқталып, қонақжайлылық көрсеткен барша Қазақ еліне алғыстарын айтты.

Шара аясында екі елдің зиялы қауым өкілдері Н.Харлампьеваның «Якутская стрела», «Параметрь Азия», «Саханың саңдал садағы», «Незабвенная Турсынай»; С. Даниловтың «Жизнь замечательных людей»; Ұ. Есдәулеттің «Таас балбаал ырыата. Дьокуускай»; Ә. Асқаровтың «Сарбыллыбыт таптал. Дьокуускай» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімін жасады.

Сондай-ақ, екі ел мәдениетінен сыр шертетін әндер мен поэзиялар оқылды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

якут2   якут3   якут1   якут4

 

Кітап шоу - 2024