+7 (727) 267-28-83

КШОУ ГЛ2024 жылғы 23 сәуір, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты - оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара модераторы жазушы Елдос Тоқтарбай.

Мерекелік іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова ашты.

Келесі кезекте Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының бас маманы А.Б. Халбеков; Бостандық ауданы әкімінің орынбасары С.Ж.Аралбаев, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қ.С. Бегманов құттықтау сөз сөйледі.

Одан әрі «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі аясында кітапхананың 7 оқу залында түрлі мәдени-зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды:

Шараға 1200 қатысушы қатысты.

Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан киногерлер Одағының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері, халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Шәкен Айманов - Қазақ киносының атасы» атты еске алу кеші өтті.

Кешті Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Шархан Мұхаммед-Қанапия арнаумен ашты.

Кеш модераторы белгілі кинотанушы, продюссер Төребай Қанат Әшірбекұлы болды.

Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстанның халық әртісі А.Әшімов, Қазақстан Киногерлер одағының төрағасы А.Құнанбайұлы, белгілі кинорежиссерлер Қ.Омаров пен С.Текеев және тағы басқалар. Шара барысында қазақтың белгілі актерлері мен қонактары Ш.Аймановтың еңбек жолы мен қазақ киносына сіңірген үлесін сөз етті.

Кеш барысында деректі фильмнің үзінділері мен Ш. Аймановтың жанды даусы мен бейнекадрлары көрсетілді.

Қатысқандар: белгілі актерлер, Ж. Елебеков ат. Эстрада және цирк және Орталық Азия техника-экономикалық колледждерінің студенттері.

ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында белгілі диктор, ҚР Мәдениет қайраткері Серіков Аманжан Еңсебайұлымен «Сырлы сөз сиқыры» атты көркемсөз оқу шеберлік сабағы өтті.

Кеш модераторы: «Қазақ» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының аға редакторы Бақыт Жағыпарұлы.

Әдебиетті оқытқанда мәнерлеп оқуға көп мән беріп қарау керек. Шара барысында Қазақ радиосының ардагер дикторы өзінің қызмет жолында жинаған мол тәжірибесімен бөлісіп, әдебиетті сезінудің негізі туралы шеберлік сағатын өткізді.

Сондай-ақ, шараға қатысушы колледж студенттері поэзиядан сыр шертіп, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушыларға ҚР Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан кітаптар сыйға тартылды.

Қатысушылар: Алматы колледжінің студенттері.

Әдебиет академиясының залында USW – Қазақстан жазушыларының қоғамдастығының іс-шарасы өтті. Аталмыш шараныңин терактивті алаңында авторлармен, тәуелсіз театрлармен және нетворкинг, кітап алмасу, актерлік сабақтарға арналған кездесулер, сондай-ақ қазақ жазушыларының кітап қөрмесі ұсынылды.

Жазушы Ирина Бакулинаның «Ночь в библиотеке» атты кітабының тұсаукесері өтті. Автор туындысын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

«Арт-убежище BUNKER» Тәуелсіз Эксперименттік театры «Заманауи театр қандай болады: вербатим техникасы, сайт ерекшелігі, технологиялық және куәгерлік қойылымдар жайлы лекциялар өткізді.

Партисипаторлық перформанс зертханасында қатысушылар актерға монопьеса жазып, сол жерде таныстырды.

«Три» Playback театры серпінді актерлық тәжірибе өткізіп рlayback форматында ұсынды.

Іс-шара соңында Қазақстан жазушыларының қоғамдастығы Ұлттық кітапхана қорына өздерінің авторлық туындыларын тарту етті.

Кітап жәрмеңкесіне отандық баспалар, кітап дүкендері қатысты. Атап айтсақ: «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Көкжиек-Горизонт», «Қазақ университеті», «Отбасы хрестоматиясы», Ziyat,«ADAL KITAP», «Qasym баспа үйі», «Molia&Dos», «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі, «Qyr balasy» қоғамдық қоры «Dudar kitap» дүкені, «Kitap al» кітап дүкені, «Qazyna» кітап дүкені, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

Кітап жәрмеңкесіне келген оқырмандар мен қала жұртшылығы баспалардың жаңа кітаптарымен танысып, қажетті кітаптарын сатып алды. Кітап жәрмеңкесіне қатысқан барлық мекемелерге ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан алғыс хаттар берілді.

Осы мәдени шара аясында елімізге танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист Досым Сәтпаев кітапхана қорына бірнеше құнды кітаптарды сыйға тартты. Оның ішінде: «Аштық жайлаған дала», «Восстание казахов 1916», «Песня Кумана», «Политическая наука» және т.б.

Р.Бердіғалиева атындағы зала Ильдар Халитовтың «Казахстанские метеориты» ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтті.

«Казахстанские метеориты» кітабында метеориттердің табылған оқиғалары және мұндай олжалардың ғылым үшін маңыздылығы қызықты баяндалған. Жеке тараулар метеорит кратерлеріне, астероидтар мен кометаларға арналған. Кітап авторы – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстаннан табылған метеориттерге маманданған метеорит жинақтаушысы.

Кітапқа 200-ден астам фотосуреттер мен иллюстрациялар енгізілген.

Кездесуге кітаптың әдеби редакторы, поляк текті қазақстандық автор, мәдениет сыншысы Юрий Серебрянский қатысты.

Шараның жүргізушісі – Креативті батылдық мектебінің негізін қалаушы Асхат Өскембаев.

Кездесу интерактивті форматта өтті, сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар үшін естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылар: студенттер, жоғары сынып оқушылары және табиғат құбылыстарына қызығушылық танытқан, барша адамдар!

Әлем әдебиеті залында «Эстетика межкультурного диалога» атты шығармашылық кездесу өтті.

Шығармашылық кездесудің модераторы Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің мүшесі Т. В. Зубкова және Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы М. С. Симакова болды.

Шығармашылық кездесуде Қазақстан мен Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Н.П.Зайцев және қазақстандық фантаст, балалар жазушысы, халықаралық әдеби байқаулардың лауреаты Л. В. Лазарева сөз сөйледі. Жазушылар кітап жазудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, олар шабытты, идеяны, сюжетті және кейіпкерді қайдан алатынын, сондай-ақ көркем сөз меңгеру шеберлігімен бөлісті. Іс-шара аясында авторлардан ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітаптар сыйға тартты.

Сондай-ақ, кездесуге Ресейдің Вятка мемлекеттік университетінің орыс тілі, сөйлеу мәдениеті және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті А.А. Калинин қатысып, тыңдаушылар алдында «Современный оратор: в диалоге с миром» атты шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шараға гимназия оқушылары, Алматы қаласындағы колледждер мен ЖОО студенттері қатысты.

Өнер залында Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Иран мәдени орталығымен бірлесіп өткізген «Казахстан – Иран: созвучие культур «Наурызнама» атты әдеби-тақырыптық кеш өтті.

Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Фагани Мохсен мырза құттықтау сөз сөйледі.

Шарада сөз сөйлегендер: Алматыдағы Иранның Бас консулдығы жанындағы Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Агазаде мырза, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары., филология ғылымдарының кандидаты Т.Е.Қыдыр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті ирантану кафедрасының меңгерушісі. А.Ж.Боранбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің ирантану кафедрасының оқытушысы., магистр және Ph.D докторы Ғ.А. Қамбарбекова.

Кеш жүргізушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Әлқамбай Аяулым Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлату туралы айтып, «Наурыз» интеллектуалдық квест-викторинасын өткізді.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттері парсы тілінде Наурыз туралы өлеңдер оқыды.

шоу 1.1   шоу7   шоу 1.2
шоу 1.3   шоу6   шоу1
шоу5   кш ярморка1   шоу9

 

Кітап шоу - 2024