+7 (727) 267-28-83

масанов гл19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Н.Э. Масановтың француз тілінде жарық көрген «Кочевая цивилизация казахов» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Г. С. Сұлтанғалиева.

Баяндама жасағандар: Г.С. Сұлтанғалиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры (Қазақстан); Н. Н. Крадин, РҒА-ның академигі, профессор, РҒА ІАҚ Қиыр Шығыс халықтарының тарихы, археологиясы және этнографиясы институтының директоры (Ресей); К. С. Кайрслямович, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт халықаралық қатынастар мектебінен шақырылған ғалым (АҚШ); С.А. Панарин, Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Қазіргі Шығыстың жалпы мәселелерін зерттеу орталығының басшысы (Ресей), сонымен қатар Ұлыбритания, Нидерланды, Франция және т. б. елдердің ғалымдары сөз сөйледі.

Тұсаукесер аясында кітапхана қорына XIX ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі Орталық Азиядағы саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерттейтін тарихшы Гзавье Аллездің редакциясымен «Необыкновенная встреча француза и кыргыза – Алай, 1906 год» кітабы сыйға тартылды.

масанов1   масанов2   масанов3   масанов4