+7 (727) 267-28-83

семинар гл2024 жылғы 8 - 12 сәуір күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында өткен «Құжаттарды қалпына келтіру: консерватизм және инновация – 2024» VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Ұйымдастырушылар: Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры және Еуразиялық Кітапханалар Қауымдастығы.

Ресей мемлекеттік кітапханасының қалпына келтіру орталықтары, Түрік қолжазбалар институтының кітап шипаханасы, Өзбекстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Мұхаммед Физули атындағы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы қолжазбалар институтының жетекші мамандары қатысушыларға құжаттарды консервациялау және қалпына келтірудің жаңа әдістерін және шеберлік сабақтарын, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қалпына келтіруші мамандары «Кітап мұқабасының әртүрлі материалдарына бедерлеу жасау» атты шеберлік сабағын ұсынды. Шеберлік сабақ барысында бедерлеу негіздері, материалтану (былғары, қағаз, мата түрлері), бедерлеуге материалдарды дайындау жұмыстары және параметрлері туралы презентация көрсетілді.

Тәжірибелік бөлімде қызметтің маманы Ж.Тұрсалиев түрлі қол құралдарының көмегімен бедерлеу жасау кезіндегі былғары бетіне жартылай немесе толық өңдеу процестерін көрсетті.

«Бағасызды бірге сақтау: достастық елдеріндегі жазба ескерткіштер мен ерте басылған кітаптарды консервациялау және қалпына келтіру» секциясы отырысында Шоманова А.М. ҚР Ұлттық кітапханасындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құжаттары негізінде бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарын бөлшектеп, қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Құжаттарды ұзақ сақтау және пайдалану мақсатында қайта қалпына келтіру жұмыстарын заманауи материалдармен және жаңа әдістерді пайдалана отырып, қалпына келтіру үдерістері өте маңызды болып табылады.

Семинарға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және Ресей елдерінен қалпына келтіруші мамандар, қор сақтаушылары, ұлттық кітапханалар, мұражайлар, архив қызметкерлері қатысты.

семинар1   семинар2   семинар3

 

Кітап шоу - 2024