+7 (727) 267-28-83

практика гл

2024 жылғы 22 қаңтар-16 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы келісім шарт негізіндегі оқу жоспарына сәйкес Тарих факультеті «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының және Шығыстану факультетінің «Шығыстану», «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтары  бойынша 4-курстың 15 студенті кітапхана базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

Тәжірибенің мақсаты – студенттердің кітапхана қорын қалыптастыру және оны есепке алу, каталогтарды ұйымдастыру, пайдаланушыларға қызмет көрсету кезінде библиографиялық құралдарды пайдалану, студенттердің алған негізгі теориялық және тәжірибелік білімдерін біріктіру, тұлғаның болашақ кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Тәжірибелік дайындықтың негізгі міндеті – жұмыс барысында библиографиялық құралдарды пайдалану, негізгі өндірістік үдерістерді орындау тәжірибесін және автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйелерде құжаттарды өңдеу дағдыларын алу және кітапхана пайдаланушыларына сапалы ақпараттық-кітапханалық қызметті көрсету, шығыс тілдері мен әдебиетін зерттеу, түркі тілін, шығыс елдерінің этникалық мәдениеті, мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері, оқылатын тілдің аудармасы туралы теориялық білімдерін бекіту.

2024 жылғы 15 наурызда студенттер кәсіби өндірістік тәжірибені қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қорғау барысында студенттер өз жұмыстарының презентациясын көрсетіп, өндірістік тәжірибені сапалы ұйымдастырғаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ой-пікірлерімен бөлісіп, кітапхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы студенттерге ақ жол тілеп, ізгі тілегін жеткізді, ұсынылған сауалдарға жауап берді. Директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы студенттерге жылы лебізін білдіріп, Ұлттық кітапханадағы тәжірибеден өту барысында олардың жеткен жетістіктеріне тоқталды. Қызмет жетекшілері жұмыс орындарында кәсіби міндеттерін жақсы атқарған студенттерге  жоғары баға берді.

практика1   практика2   практика3
практика4   практика5   практика6