+7 (727) 267-28-83

аже гл7 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «АСЫЛ ӘЖЕ» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегелі тұстарын күнделікті өмірде пайдалану.

Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінен байқауға өнерлі де өнегелі 5 әже қатысып, үміткер атанды.

Әділқазылар алқасы қатысушыларды негізгі 3 кезең бойынша бағалап, «Асыл әже» атағы мен 4 номинацияның иегерлерін анықтады.

  1. КАЛХОЖАЕВА ГҮЛЬНАР АЛАЙДАРҚЫЗЫ – «АСЫЛ ӘЖЕ»
  1. ШОМАНОВА АИДА МҰРАТҚЫЗЫ – «ӨНЕРПАЗ ӘЖЕ»
  1. МАНАПБАЕВА БИБІГҮЛ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ – «ТАЛҒАМПАЗ ӘЖЕ»
  1. ДУШОВА БАҚТЫҒАЙША БАҒДАТҚЫЗЫ – «ЗАМАНАУИ ӘЖЕ»
  1. ШЕКЕРБЕКОВА РАЙХАН ҚАШҚЫНҚЫЗЫ – «САЛИҚАЛЫ ӘЖЕ»

Жеңімпаздар арнайы Дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

аже 4   аже 3   аже 2   аже 1