+7 (727) 267-28-83

реставр семинар гл2024 жылғы 6-7 қаңтар күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары Астана қаласы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өткен «Каллиграфия және Ислам Республикасының жазба мұрасын қалпына келтіру өнері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Бұл шараға Ираннан ғалымдар, сарапшы-қалпына келтірушілер шақырылды.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран мәдени орталығы.

Екі күн бойы Ирандағы қолжазбаларды қалпына келтірудің дәстүрлі үлгілері мен бірегей тәжірибелері талқыланып, Қазақстан-Иран мәдени мекемелері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері көтерілді.

Семинар аясында «Нұр» ирандық халықаралық микрофильм орталығының қалпына келтіруші мамандары қағаз жасау, былғары және лак түптемелерін қалпына келтіру, кітап блоктарын дәптер әдісімен және баулар арқылы тігу әдістерін қолдана отырып өңдеуді және Эбру техникасымен мәрмәр қағазын жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Қатысушыларды сарапшы-қалпына келтірушілер Мехди Хожапири, Хосейн Али Джафариан және өнертану ғылымдарының докторы Хамид Малекян қолжазбалармен жұмыс істеудің әртүрлі техникасы мен дағдыларына табиғи материалдарды, өсімдік желімдерін пайдалану арқылы ерекше қызықтырды.

Шараға Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің өкілдері мен еліміздің аймақтарынан архив, кітапхана және мұражайлардың қалпына келтіруші мамандары қатысты.

реставр семинар 1   реставр семинар 2   реставр семинар 3   реставр семинар 4

 

Кітап шоу - 2024